Scorpions в Алматы
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Ақан сері туралы аңыз» спектаклі

Билет сатып алу

Режиссері: Ш.Айтматов атындағы мемлекеттік жастар сыйлығы иегері – Уланмырза Карыпбаев. Инсценировка авторы – Дарын жастар сыйлығының иегері – Мирас Әбіл. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

Ән еркесі, жыр серкесі, сегіз қырлы серілік өнердің көрнекті өкілі – Ақан Қорамсаұлының өмір жолының, тағдыр торабының қызықтылығы сондай, көзі тірісінде-ақ, ол туралы аңыздар ел аузында кең таралып кеткен. Соның бірі жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы. Аталмыш роман М.Жұмабаевтің «Ақан сері» очеркінен кейінгі Ақан өмірі туралы жазылған көлемді шығарма. Бұл қойылымда Ақан серінің өмірі ел аузындағы аңыз-әңгімелер, аты аталып кеткен екі жазушының туындыларымен қатар шығармашылық топтың фантазиясы арқылы суреттеледі. Демек қойылымда көрсетілген сахналар толықтай Ақан серінің өмірінен алынды деуге келмейді. Қойылымның айтар ойы да осында…