тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Қысқы әңгімелер

Зимние историиӨтетін орны: Астана қ.,«Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК. Е. Рахмадиева.

Күні мен уақыты: 23 желтоқсан, 19: 00

Әртістер:

Жанр: симфониялық музыка

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас шектеуі: +7 жас

 

 

 

 

 

«Қысқы хикаялар» кеші қысқы сиқырлы атмосфераны жасай отырып, жаңа жылдық мерекелерге арналады. Бағдарламада қыстың ғажайып әсерінен туған, көбінесе Жаңа жыл қарсаңында орындалатын жауһар туындылар – Антонио Вивальди «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Қыс», Астор Пьяццолла «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» топтамасынан «Қыс», Георгий Свиридов А. Пушкиннің «Метель» драмасына арналған музыкасы, Петр Чайковский «Лебединое озеро» және «Щелкунчик» балеттері. Концерттің орындаушылары – Симфониялық оркестрдің әртістері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Салтанат Орынбаева (скрипка) мен Шынар Кәрімова (виолончель). Дирижер – шақырылған қонақ, Ақтау қаласы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Әділ Бестімбеков.

       Антонио Вивальди «Жыл мезгілдері» шығармасын Италияны пошта дилижансымен саяхаттау кезінде алған әсерімен жазған. Терезенің арғы жағындағы ғажайып әлем, дөңгелектер мен тұяқтардың ырғақты дүбірі монахты Иоганн Себастьян Бах пен басқа композиторларды таң қалдырған тамаша музыка жазуға шабыттандырды. Вивальдидің «Қыс» туындысы – боранның сарнауын естуге болатын қысқы суықтың көркем салынған суреті іспеттес.

        ХХ ғасырда тағы бір әйгілі музыкалық қыс туындысы – талантымен әлемге танго өнерін сыйлаған Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» топтамасы дүниеге келді. Композитордың өзі туындысын «тангоның ерекше түрленуі» деп атаған. Астор Пьяццолланың Астор Пьяццолланың «Қыс» туындысы – Аргентинаның богемалық астанасы тұрғынының құмарлығы пен сағынышы, махаббат пен жалғыздық музыкасы.

         Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» шығармасы – жақсылық пен зұлымдықтың мәңгілік қарсыластығымен, үлкен ғажайыпқа деген сеніммен жүректерді жаулап алған әйгілі қысқы музыкалық ертегі. Орыс данышпанының музыкасымен әрленген Гофманның жұмбақ оқиғасы көптеген жылдар бойы әлемнің концерттік залдары мен театрларында мыңдаған жанкүйерлерді жинап келеді. Кештің музыкалық қиялын Чайковскийдің тағы бір музыкалық ертегісі – «Лебединое озеро» жалғастырады. Бұл музыка өзінің театрландырылған бейнелерімен, эмоционалды байлығы және тереңдігімен әлемдік мәдениеттің феноменіне айналды.

        А. Пушкиннің «Метель» драмасының музыкасын осы аттас фильмге тапсырыс бойынша Георгий Свиридов жазған: XIX ғасырдағы орыс романсының ырғақты нәзік әуендері композицияны орыс мәдениеті жауһарларының қатарына қосты. Свиридов Александр Пушкин туралы айтқанда, ақын шығармашылығының «ерекше қарапайымдылығына» таңданатын. Композитор өз шығармашылығында да солай болды: оның музыкасы шынайы, жан тебірентерлік және халыққа түсінікті.

         Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, бас дирижер – Ернар Нұртазин, дирижер – Қалқаман Дүйсембаев.