Google ad services
Богема/Астана опера
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(31)258-65-65 (Бишкек) +996(77)757-17-71

Түрлі дауыстар әлемі

«Түрлі дауыстар әлемі»

(Опера дауыстарымен танысу)

Адам дауысы – табиғаттың шебер жаратқан үздік құралы. Нәресте өз жақындарын дауысының тембрі бойынша жеңіл танып, бесік жырын ұйып тыңдайды. Өсе келе бала дауыс бояуының фильмдер мен музыкалық ертегілер кейіпкерлерін сипаттайтынын біледі. Егер сіз балаңыздың келешекте вокалдық классика тыңдарманы болуын қаласаңыз, дайындықты бүгіннен бастаған дұрыс.

Концерт жүргізушілері – театрдың музыкатанушылары опера дауыстарының барлығымен – сопранодан басқа дейін қызықты түрде таныстырады, ал танымал солистер Л.Хамиди, Ж.Бизе, Дж. Верди, Дж. Россини, В.А.Моцарт, А.Холминов, Р.Леонкавалло шығармаларынан әйгілі ариялар мен дуэттерді шырқап; неополитан әндерін және т.б. орындайды. Сондай-ақ, концертте «Астана Опера» театры Балалар студиясының хоры өнер көрсетеді.

Жүргізуші – Төлеген Назарбеков

 

Ұзақтығы – 50 минут