rebranding
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

«Арнау»

Өтетін орны: Астана қ., Кенесары к-сі, 32, мемлекеттік академиялық филармония.Е. Рахмадиева

Күні: 25 ақпан 2023

Басталуы: 18:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

 

2023 жылы музыка әлемі ұлы орыс кемеңгері, композитор, пианиношы, дирижер және қоғам қайраткері Сергей Рахманиновтың (1873−1943) туғанына 150 жыл толуын атап өтеді. Рахманиновтың құдіретті таланты Мәскеу консерваториясында оқыған жылдары бағаланды: Петр Чайковскийдің өзі жас музыканттың жұмысына риза болып, оған төрт плюспен 5 деген баға беретін. Рахманинов консерваторияны фортепиано және композиция сыныбы бойынша Үлкен алтын медальмен бітірген. Сыншылар Рахманиновты музыканың ерекше екпінділігі мен эмоционалдылығына, әуеннің икемділігі мен мәнерлілігіне байланысты «бүлікшіл және тынымсыз талант иесі» ретінде сипаттады. Композитор шығармашылығында құбылмалы дәуірдің өткір лирикалық сезімі сүйікті Отан мен оның табиғатының бейнесімен үйлескен.       Рахманиновтың мол мұрасында камералық шығармалар ерекше орын алады: олар композитордың шығармашылығына тән ерекшеліктерді көрсетті. С.В. Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына арналған концерт елордалық музыка сүйер қауымға тамаша автордың музыкасымен, соның ішінде «Памяти великого художника» әйгілі элегиялық триосымен кездесу сыйлайды. Шығарманы Чайковскийге арнай отырып, Рахманинов симфонияға тән күрделі драмалық ойды өзі таңдаған формада жүзеге асыруды күрделі міндет ретінде қойды. Осылайша, трио камералық жанр үшін өзгеше ауқым кеңдігімен Чайковскийдің өзінің атақты «Памяти великого артиста» фортепиано триосына ұқсайды.

Қазақстан Республикасының «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы – Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де кеңінен танылған камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. «FORTE TRIO» – 2013 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тимур Урманчеев (фортепиано) құрған бірегей ансамбль. Ол үш аспапты - фортепиано, скрипка және виолончельді біріктірді. Бұрынсоңды Қазақстанда мұндай құраммен ұжымдар болған емес. Ұжым құрамында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков (виолончель) мен халықаралық байқаулардың лауреаты Мақсат Джусупов (скрипка) бар. Концерттің жеке орындаушысы – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Расул Жармағамбетов (баритон).
       «FORTE TRIO» репертуары музыкалық шығармалардың барокко музыкасынан джазға, классикалық шығармалардан заманауи композицияларға дейін кең ауқымын қамтиды. Талантты музыканттар өздерінің концерттік бағдарламаларында әлемдік музыка мәдениетінің көрнекті жауһарларымен көпшілікті таныстыра отырып, орындаушылық өнердің биігіне бет бұрады. «FORTE TRIO» қазақстандық өнерді әлемнің ең беделді алаңдарында ұсынып отырады, көптеген халықаралық музыка фестивальдеріне қатысады.