Scorpions в Алматы

ХХ ғасырдың ішекті музыкасы: Иосиф Бенедиктович Коган (туғанына 100 жыл)

2021 / 2022 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал ІХ маусым

11 желтоқсан * сенбі * 17.00
Скрипкаға арналған музыка кеші
ХХ ғасырдың ішекті музыкасы:
Иосиф Бенедиктович Коган
(туғанына 100 жыл)

«Астана Опера» театрының Камералық залында скрипкашы, музыкант әрі
ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Иосиф Бенедиктович
Коганның 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтеді.
Қазақстанның скрипкалық орындаушылық өнерінің негізін қалаушылардың
бірі Иосиф Бенедиктович өмірінің отыз жылын консерваторияда сабақ беруге
арнаған.
Коганның отбасы Алматыға 1942 жылы көшіру кезінде келген, алайда соғыс
аяқталған соң туған Кишиневке қайтып оралған жоқ. Тамаша музыканттар –
ағайынды Иосиф пен Семен, қарындастары Ева Қазақстан мәдениетінің дамуына
зор үлес қосты.
Мол орындаушылық тәжірибесі, жоғары музыкалық мәдениеті, әлемдік
скрипкалық репертуарды кеңінен меңгеруі Иосиф Коганға кәсіби орындаушы-
музыканттар мен ұстаздар даярлауда зор табысқа қол жеткізуіне жол ашты.
25 жылдық еңбек жолында Иосиф Бенедиктович аспапты жетік меңгерген жүзден
астам орындаушы-ұстаздарды даялаған, бүгінде олар Құрманғазы атындағы Қазақ
ұлттық консерваториясында, Қырғыз мемлекеттік өнер университетінде,
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) консерваториясында, музыкалық училищелер
мен мектептерде, түрлі елдердің симфониялық оркестрлері мен опера
театрларында қызмет етуде.
Оның орындауында классик композиторлардың оркестр мен скрипкаға
арналған концерттері шырқалды. Иосиф Коган – Қазақстан композиторлары
М.Төлебаев, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Т.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова,
Б.Байқадамов және т.б. түгел дерлік скрипкаға арналған және камералық
шығармаларының алғашқы орындаушысы әрі редакторы. Оның Құрманғазы,
Дәулеткерей, Байсерке және т.б. күйлерінің скрипка мен фортепианоға арналған
жеке концерттік транскрипциялары да үлкен жетістікке ие болды.
Маэстро пианист ағасы Семен Коганмен бірге қазақ композиторларының
күйлерін скрипкада асқан шеберлікпен орындайтын.
Концерт бағдарламасына И.Коган, С.Прокофьев, Д.Шостакович, А.Шнитке,
Е.Брусиловскийдің шығармалары, И.Коганның өңдеуіндегі Құрманғазының күйі
және т.б. енген.
Бүгінгі концертке ұлы ұстаздың ісін жалғастырушы қазақстандық
музыканттар, жас скрипкашылар қатысады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Асқар ДҮЙСЕНБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Халықаралық байқаулардың лауреаттары:
Әнел ШӘКІРОВА
Мәдина БЕКМАДИЕВА
Мәдина КАПЕУ
Алексей ЛЕБЕДЕВ
Айдар ТОҚТАЛИЕВ
Халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақ ұлттық өнер университетінің
студенттері мен магистранттары:
Ақбике АЛҒИ
Жібек МҰСЫРҒАЛИЕВА
Сәния ИСАБЕКОВА
Индира НҰРЛЫБАЙ
Әділет ТҰРАРОВ
Гүлназ МҰХАМБЕТУАЛИЕВА
Гаухар ӨМІРБЕКОВА
Гүлдана ОРАЗАЕВА
Айбол СЕРІК
Рахиль МҰСАҚОЖА
«КАПРИЧЧИ» скрипкашылар ансамблі, жетекшісі – Мәдина БЕКМАДИЕВА
Концертмейстерлер – Сергей ВАСИЛЬЕВ, Мәдина ТАКЕЕВА, Малика
АЙМАҚОВА

Модератор –

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Раиса МҰСАҚОЖАЕВА

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады