Scorpions в Алматы

L'impression: француз музыкасының кеші

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

9 ақпан * жұма * 19.00

FORTE TRIO ШАҚЫРАДЫ

L'IMPRESSION

ФРАНЦУЗ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ

Қазақконцерттің шығармашылық ұжымы – Қазақстан Республикасының «Форте-трио» мемлекеттік триосы көрермен қауымға асқақ өнермен тілдесу бақытын сыйлайды. Ансамль құрамында – халықаралық байқаулардың лауреаттары: Қазақстан Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Еркебұлан Сапарбаев, виолончелист Мұрат Нарбеков, танымал пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (көркемдік жетекші).

Ұжымның репертуары аса бай әрі бароккодан джазға дейінгі түрлі стиль мен бағыттағы шығармалар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретациясын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүректерін жаулауда. Қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында маңызды орынға ие.

Музыканттар сонымен қатар оркестрмен бірге ансамбльде, түрлі солистермен – аспапшылар және әншілермен өнер көрсетеді.

Мемлекеттік трио – көптеген халықаралық фестивальдердің қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның ең беделді концерттік алаңдарында бірнеше рет Қазақстанның мәртебесін асқақтатқан.

Концерт бағдарламасында француз импрессионист-композиторларының туындылары шырқалады.

Музыканың орындалуы барысында француз импрессионист-суретшілерінің көркемөнер жұмыстары көрсетіледі.

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады