Scorpions в Алматы

Steppe Sons альтернатив фолк тобының концерті

«STEPPE SONS» - «Ұлы дала балалары»!

Топ 2018 жылы құрылып, әлемдік музыкалық стильдер қазақ халық аспаптарында орындалатын альтернатив фолк музыкалық бағытында өнерлерін шыңдап келеді. Жаңа жобаның пайда болуының маңызды сәті ретінде жаңа формалар мен дыбыстарды іздеу және оларды таба білу болды.

Топтың композицияларының ерекшелігі мұнда қазақ халық аспаптарының ұлттық реңкі сақтала отырып, өзге әрі ерекше дыбысталуы болып табылады. Ұжымның репертуарын авторлық шығармалар мен қазақ халқының ұлы композиторлары мен джаз классиктерінің шығармаларына жасалған өңдеулер құрайды.

Бүгінгі таңдағы «Steppe Sons» тобының шығармашылық жетістіктері:

1. Австрия, Словения, Италия, Эстония қалаларында концерттік-гастрольдік тур ұйымдастырылды.

2. Топтың авторлық композицияларына «Astana ballet» бірнеше би қойылымдары қойылды; алғаш қазақстандық «Qulager» саунд-драмасының композиторлары ретінде қызмет атқарды.

3. Қазақстандық «Qarakoz» хоррор фильміне саундтрек жазды.

4. Jeltoksan, The Buhars, Me and me invisible orchestra, Ayree, Жәмилә Серкебаева, Жанна Орынбасарова, Мади Сыздықов, Urker, Ayau, dudeontheguitar, Arshat сияқты қазақстандық эстраданың үздік әртістерімен бірге бірлескен композициялар орындалды;

5. 2019 жылы топтың алғашқы студиялық альбомы шықты.

6. 2023 жылы QQ (режиссер: Нұржігіт Мыңбаев) әніне клип шықты.

7. 2024 жылы «Jasusha» екінші студиялық альбомы шықты.

8. «The Spirit of Tengri», «TEDx Astana», «Batyr Lab» фестивалінің белсенді қатысушылары болып табылады.

9. 2018 жылдан бері (топ құрылған жылы) 60-тан астам жеке концерт берді