rebranding

2020/2021           Камералық зал           VIІІ маусым

28 қараша * сенбі * 18.00

 

 

Концерт

«Адам жаны мен музыка үндестігі»

П.И.Чайковскийдің 180 жылдығына орай

 

Солист – Майра Мұхамедқызы

 

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ П.И.Чайковскийдің мерейтойы құрметіне орыс романстарының кешін арнайды.

Орыстың ұлы композиторының есімімен әншінің шығармашылық тағдыры тығыз байланысты: ол 1998 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық байқауда лауреат атанған және М.Давыдов атындағы арнайы дипломға ие болған Қазақстандағы алғашқы, әрі жалғыз әнші. Бұл жеңіс оған көптеген танымал театрлардың сахнасына жол ашты, олардың бірі париждік Гранд-опера, мұнда да ол Қазақстанның музыкалық өнерін алғашқы болып ұсынды.

 

Майра Мұхамедқызы – ұлттық опера өнерінің мақтанышы. Оның аты – әлемнің үздік театрларының афишаларынан түскен емес, жеке концерті Бейжің, Гонконг, Лондон, Ыстамбұл, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербор, Будапештте және көптеген елдердің басқа да қалаларында өтті.

Әншінің репертуарында Ажар («Абай», А.Жұбанов және Л.Хамиди), Жібек («Қыз Жібек», Е. Брусиловский), Дж.Верди операларынан Виолетта («Травиата»), Джильда («Риголетто») және Елизавета Валуа («Дон Карлос»); Дж.Пуччини операларынан Мюзетта («Богема») және Лию («Турандот»), Микаэла («Кармен», Ж.Бизе), Ш.Гуно операларынан Маргарита («Фауст») және Джульетта («Ромео мен Джульетта»), Адина («Махаббат шырыны», Г.Доницетти) сияқты басты партиялар бар.

 

Концерт бағдарламасында П.Чайковский мен С.Рахманиновтың романстары.

 

Фортепиано партиясында – Елена САХНО, Мәдениет қайраткері

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады