Scorpions в Алматы

«Бақшасарай бұрқағы»

Борис Асафьев

«Бақшасарай бұрқағы»

Прологы мен Эпилогы бар екі бөлімді балет

Ростислав Захаровтың хореографиясы

А. Пушкиннің аттас поэмасы бойынша либреттосын жазған Николай Волков

Балеттің әдеби түпнұсқасы – Бақшасарай бұрқағы немесе Көз жасы бұрқағы туралы ежелгі аңызға негізделген, А.С. Пушкиннің аттас поэмасы болды. 

Қайырымсыз Қырым қолбасшысы Гирей хан Польшада сойқан салуда. Кезекті бір шабуыл кезінде оның әскері басып алған поляк қамалында, князь қызы Марияның туған күні тойланып жатады. Басқындар бәрін қырып, тек хан ессіз ғашық болып қалған Марияны ғана тірі қалдырады. 

Бақшасарай гареміне әкелінген сұлу күң Мария Гирейдің сүйікті әйелі, жас поляк қызы үшін өз дәрежесінен айырылған – Заремаға тап болады. Сол кеште хан Мариядан өз жүрегін ашуды жалбарынады, бірақ ол салқындық танытады. Гирей хан бұған көніп, шығып кеткен кезде ұйықтайтын бөлмеге Зарема кіреді. Ол хан ұсынысын қабылдамауды талап етеді, ал Мария оған Гирейді ешқашан жақсы көрмейтінін айтады. Бірақ Марияның бөлмесінде қалып қалған ханның тақиясын көрген Зарема қызғаныш сезіміне беріліп, күңді өлтіреді. Гирей хан қатты қайғыруда.

Б. Асафьев балетінің тұңғыш қойылымы 1934 жылы С.М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында өтті. Жас хореограф Р. Захаровтың жаңашылдығы – батыс пен шығыс би негіздерін өзара біріктіру және қарсы қоюда болды, бұл екі әлемнің айырмашылығын көрсетті. Алғашқысының нәзік лирикалылығы, жауынгерлік сезімге толы екіншісіне қарама-қарсы тұрды.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР: 

Гирей хан –   Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ / Айдан ҚАЛЖАН (дебют)

Зарема –  Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /  Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

Мария – Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /  Аделина ТУЛЕПОВА

Вацлав – Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Рустам ЧАХАЛОВ 

Нұралы –  Серік НАҚЫСПЕКОВ / Қуат КӘРІБАЕВ 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ: 

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық  әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева 

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио 

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино 

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Жарық бойынша суретші – Виничио Кели

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.