CONTEMPO by Ballet Globe Almaty Theatre-да

Өтетін орны: Алматы қ., Almaty Theatre

Күні: 2024 жылғы 30 маусым

Басталуы: 18:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Қосымша: 16+

 

 

 

 

 

Балет өнерінің жаһандық жұлдыздары Алматы театрының төрін тағы бір рет жандардырмақ!

30 маусым күні сағат 18:00-де Almaty Theatre төрінде «Ballet Globe» фестивалі аясында заманауи хореография - «CONTEMPO» кеші өтпек. Фестивальға орай Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен 12 жұлдызды бишілер келеді! Егер сіздің жаныңыз балет, театр және өнерге жақын болса, онда «CONTEMPO» керемет би кешін тамашау мүмкіндігінен қапы қалмауларыңыз жөн!

«Ballet Globe» халықаралық фестивалі бірнеше жылдан бойы Астана мен Алматыда бірегей би шараларын өткізіп келеді. Фестивальдің мақсаты - Қазақстанда заманауи биді дамыту және қазақстандық бишілер, хореографтар мен халықаралық би жұлдыздары арасында мәдени алмасуға ықпал ету. Фестиваль тек әртістер үшін ғана емес, көрермендер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады! Әрқайсыларыңыз еліміздің төрінде әлемнің жетекші бишілерінің орындауындағы ең үздік балет қойылымдарына тәмсана алатын боласыздар!

«Ballet Globe» Қазақстанға нағыз өнер жауһарларын әкеле отырып, өзінің әр жы сайынғы фестивалінің бағдарламасын ерекше ден салады! Заманауи «CONTEMPO» хореография кеші де солай өткізілмек. Бағдарлама аясында балет және заманауи би жұлдыздары: Клаудио Конджиалоси, Мисако Като, Морган Луго, Нельсон Хиро (Фландрия Корольдік балеті), Джулиан Маккей (Бавария мемлекеттік балеті) және Донни Дункан (Нидерланд би театры) сияқты майталман бишілердің өнері ұсынылды.

Әрбір әртістің өнер жолы жан-жақты репертуарларға бай, ал Донни Дункан Мадоннаның әлемдік гастролінен енді ғана оралған екен! Бұл бишілер тек өздерін ғана емес, сонымен қатар әлемнің жетекші балет және би труппаларын да танытуға әбден дайын! Нидерланд би театры мен Фландрия Корольдік балеті заманауи бидің басты компанияларының бірі болып табылады, олардың репертуарында қазіргі заманғы үздік хореографтардың жұмыстары бар. Бұл жұмыстардан үзінділерді «CONTEMPO» аясында тамашайтын боласыздар. Негізгі бағдарламадан басқа, Клаудио Конджиалоси мен Мисако Като біздің көрермендерге «Ballet Globe» үшін арнайы дайындалған жұмыс - тосын сый дайындапты!

«CONTEMPO» - бұл ең алдымен заманауи хореография мен заманауи би кеші. Contemporary dance немесе заманауи би ХХ ғасырдың басында Америка мен Еуропада пайда болып, уақыт өте келе өнердегі балет сияқты танымал бағытқа айналды. Ұзақ уақыт бойы заманауи би өнердің дәстүрлі сарынына қарсы жүріп, классикалық балетпен теке-тірес бәсекелестікте болды десек те болады. Заманауи биде бәрі мүмкін болды: әрбір бұралған қозғалыс пен олардың мағынасы, нормадан ауытқу - ен цензурасыз, шығармашылық еркіндігі. Ал балет XIX ғасырдың негізін, қозғалыстың нақты құрылымын сақтап, жаппай анахронизмді бейнелейді. Ақырында, ХХІ ғасырда балет пен контемпорари өнері қатар түсіп, өзара жанасу арқылы бірін бірі толықтыра бастады.

Заманауи би өнері балетке қарағанда анағұрлым ашық әрі сезімтал. Ол қорқыныш, жалғыздық сезімдерін зерттеуге, ең күрделі тақырыптарды көтеруге, жарқын эмоцияларды жеткізуге және бидің қатаң ережелерімен шектелмеуге жол ашады. Бишілер өздері үшін ең маңызды және жанқиярлық тақырыптар туралы сыр шертеді. Мәселен, Клаудио Конджиалоси өзінің «Siren» (Сирена) атты жұмысында адам өмірінің нәзіктігі мен қазіргі әлемнің қатыгездігі туралы даң қағады. Бұл жұмыс - қазіргі заман жаратушысының көмегіне деген мұқтаждықтың жан айқайы. «Encounter» (Кездесу) атты басқа жұмысында хореограф көрермендерге сүйікті адамымызбен кездесуіміз тек іштей ғана емес, сырт бетімізде де әрқайсымызды қалай өзгертетіні туралы би тілімен жеткізеді. Бқл өнер туындысында кез келген адамға таныс ұят, қоғамдық айыптаудан қорқу және өзін-өзі қабылдамау ахуалы зерттеледі.

Заманауи би өз тарапынан көп қырлы және таңғажайып болып келеді, оған кез келген тақырып пен хикая бағынышты! Дәл сол себептен 30 маусым күні «Ballet Globe» фестивалі аясында Almaty Theatre-дегі «CONTEMPO» би кешінен қапы қалмаңыздар!