ТЮЗ им. Н. Сац

Гектор Берлиоз

ҒАЖАЙЫП СИМФОНИЯ

15 сәуірде «Астана Опера» театрында өтетін симфониялық музыка кешінде Гектор Берлиоздың (1803-1869) әйгілі Ғажайып симфониясы шырқалады.

БАҒДАРЛАМА

I бөлім:

Р. Штраус. Гобой мен оркестрге арналған концерт

II бөлім:

Г. Берлиоз. Ғажайып симфония

«АСТАНА ОПЕРА» симфониялық оркестрі

Солист – Джанфранко БОРТОЛАТО (гобой, Италия)

Дирижер – Абзал МҰХИТДИНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Гектор Берлиоз – француз композиторы, дирижер, музыкалық сыншы, бағдарламалық симфонизмді қалыптастырған, романтикалық өнерді дамытушыларға терең әрі жемісті әсер қалдырған ХIХ ғасырдың аса зор көрнекті тұлғасы.

Дәрігер мамандығын игерсе деген әке тілегіне қарамастан Берлиоз медецинаны қалдырып, өз өмірін музыкаға арнады. Париж консерваториясын бітірді, ондағы кертартпа профессорлар өз шәкіртінің жаңалыққа ұмтылысын түсінгісі келмеген. 1980 жылы әлі студент болып жүрген кезінде Берлиоз, әлемдік музыка мәдениетінің жауһарына айналған, «Әртіс өмірінен алынған көрініс» атты тақырыпшасы бар «Ғажайып симфониясын» жазған. Симфония бағдарламасын Берлиоз жазған және өзінің өмір жолынан алынған оқиғаларға – ағылшындық драма әртісі Генриетт Смитсонға деген романтикалық махаббат тарихына негізделген. Алайда, автобиографиялық сарындар музыкалық түйіндеуге келгенде суретші жалғыздығының жалпы романтикалық тақырыбының мәні – қазіргі заманда «жоғалған елестер» тақырыбына ие болып, ауқымы кеңи түскен.

Ғажайып симфония – романтикалық музыка тарихындағы бірінші бағдарламалық симфония. Оқиғалар желісі бір ізді дамитын әрбір бөлімінің оқиғасы бағдарламада егжей-тегжейлі баяндалған. Композитор кіріспеде айтып өткендей, бес бөлімнің атауымен ғана шектелуге болады:

Армандау Құштарлық (Rêveries – Passions)

Бал (Un bal)

Алқаптағы көрініс (Scène aux champs)

Өлім жазасына шеру (Marche au supplice)

Шабаш түніндегі түс (Songe d’une nuit de sabbat)

Рихард Штраустың Гобой мен шағын оркестрге арналған концерті 1945 жылы американдық әскерилердің сұранысы бойынша жазылып, жергілікті гобойшымен орындалған. Музыкасы Гайдн мен Моцартқа тән классикалы-мажорлық көңіл-күйге толы болғандықтан, одан Екінші Дүниежүзілік соғыс ауырлығы сезілмейді.

Джанфранко Бортолато – халықаралық байқаулардың лауреаты, Миландағы Ла Скала театры, Туриндегі Патшалық театры және Рим операсының әйгілі оркестрлерінде, сондай-ақ Генуя, Сан-Ремо ансамбльдерінде бірінші гобой. Буэнос-Айрес, Версаль, Хьюстонда өткізілетін халықаралық фестивальдердің қатысушысы, Джанфранко Бортолато әлемнің көптеген елдерінде концерттермен өнер көрсетті.

2003 жылы Гринсбородағы (АҚШ) IDRS фестивалінде өзінің жаңа Ardon gli incense дискін таныстырып, онда Россини, Беллини және Доницетти операларының тақырыптарына арналған фантазиялар еңген. Ол Риккардо Мути, Юрий Темирканов, Элиягу Инбал, Джанлуиджи Джельметти, Эдуардо Мата және Адам Фишер сияқты әйгілі музыканттармен бірге өнер көрсетті.

Орындаушылар:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі,

дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИНОВ