Репертуар театра им. Жантурина

ТАҢҒАЖАЙЫП МОЦАРТ...

«ТАҢҒАЖАЙЫП МОЦАРТ...»

концерті

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты, Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Лондондағы Корольдік музыка академиясының түлегі Ғалия Бисенғалиева (скрипка, Ұлыбритания), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано) және «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады, дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Ғалия Бисенғалиева, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті бола отырып, қазақтың орындаушылық өнерін шетелде лайықты таныстырып келеді. Ол Стаффортшир граф иелігінде «2004 жылдың музыканты» фестивалінің жеңімпазы атанды. Ғалия – ағылшын музыка сүйер қауымының сүйіктісі, беделді залдардың ықыласты қонағы.

Ол әріптес болған оркестрлер: «Opera Sinfonia», Лондондық жастар оркестрі, Шеффилд камералық оркестрі, Қазақстан Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Үндістан Симфониялық оркестрі; келесі атақты дирижерлармен ынтымақтас болған: К.Девис, Я.П.Тортилиер, М.Элдер, Т.Пинок, Ф.Мансуров, А.Анисимов, В.Ашкенази, И.Уидлер, Е.Бушков, Р.Салаватов, В.Папян. Қазақстанның дарынды да жас музыканты Ғалия Бисенғалиева жайлы оның профессоры Цви Цейтлин былай деп жылы лебізін білдірген: «Ғалия скрипкасының дыбысы – бұл ұзақ уақытқа есте қаларлық оқиға, ішкі жан-дүниенің тамаша мерекесі!».

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Абзал Мұхитдинов жетекшілік ететін «Астана Опера» Камералық оркестрі қатысады. Камералық оркестр репертуарында барокко композиторлары (И.С.Бах, А.Вивальди, Г.Гендель, А.Корелли, Г.Перселл және т.б.) және классиктердің (В.А.Моцарт, Й.Гайдн, Л.Бетховен) туындылары бар. Оркестрмен Алексей Лундин, Алексей Людевиг, Ержан Күлібаев, Ермек Құрманаев, Джанфранко Бортолато және басқа да әйгілі музыканттар да өнер көрсеткен.

БАҒДАРЛАМА:

В.А. Моцарт

«Сиқырлы флейта» операсынан Увертюра

№ 13 серенадасы, Соль мажор, K.525 («Кішкентай түнгі серенада»)

«Аллилуйя», K. 165

№3 скрипка мен оркестрге арналған концерт, Соль мажор, KV 216

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады