Сильфида (AstanaOpera)
Герман Левенскольд
«Сильфида»
2 бөлімді балет
Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Либреттосы – Адольф Нурри
Хореографиясы – Август Бурнонвиль (1836), Эльза-Марианна фон Розеннің редакциясында
Жаңартылған нұсқа
«Сильфида» – бізге жеткен ең көне хореографиялық спектакль, романтикалық балеттің тұңғышы. Сюжетке сценарист Адольф Нурри айтарлықтай қайта құрған Шарль Нодьенің «Трильби, или Аргальский домовой» («Трильби, немесе Аргальдық үй әулиесі») фантастикалық хикаяты негіз болған. Музыкасын Жан Шнейцхоффер жазған.
Балетті 1832 жылы Париждегі Гранд-операда хореограф Филипп Таглиони өзінің қызы Марияға арнап қойған, оған сүйсінген замандастары: «Ол билемейді, Паганинидің скрипкасы сияқты ән салады», - деген. Ауа бикешінің бейнесін кейіптеуге – асыл әрі қол жетпейтін арманға деген ұмтылысы – балеринаны тарихта алғаш рет пуантаға тұруға мәжбүр еткен деп саналады. Яғни біз бүгінде білетін балет өнерін дәл осы «Сельфида» тудырған.
Төрт жылдан кейін дат Август Бурнонвиль музыка мен хореографиясын алмастырса да, оқиға желісін өзгеріссіз қалдыра отырып, Копенгагенде өз нұсқасын қойды: сильфиданың арбауына түскен шаруа Джеймс қалыңдығын күйініште қалдырып, орманға кетеді. Джеймстің қанатты періні ұстамаққа қолданған шарфы улы еді – сильфиданың қанаттары қайырылып, қаза табады. Бурнонвильдің «Сильфидасы», Тальонидің ұмыт болған балетіне қарағанда, Дания корольдік балетінің сахнасынан түскен жоқ, сол себепті де тамаша қалпында сақталды.
«Сильфиданың» балет өнерінің талғампаздарына арналған спектакль атануы тегін емес. Сән-салтанаты келіскен хореографиялық суреттен бастап жұпынылығымен таңдай қақтырар костюмдер – барлығы тәнті етеді, эстетикалық ләззат сыйлайды. Ал ғажайып көріністер мен ақиқат алмаса өрілген қызықты сюжет және таңдау алдында тұрған бас кейіпкердің тебіреністері балетті осы өнерден хабары аз көрермен үшін де қарапайым әрі түсінікті етеді.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Сильфида – Шұғыла ӘДЕПХАН / София ӘДІЛХАНОВА
Джеймс – Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ /
Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мэдж – Қуат КӘРІБАЕВ / Сұлтанбек ҒҰМАР
Эффи – Мөлдір ШӘКІМОВА / Аделина ТУЛЕПОВА
Гурн – Олжас ТАРЛАНОВ / Жәнібек АХМЕДИЕВ
Нэнси – Наталья КОНДЯ / Назира ЗАЕТОВА
Анна – Инесса КОТЛОБАЕВА / Алина ХАЛИМОЛЛА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі, «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Дирижер – Элмар Бөрібаев
Декорациялар мен костюмдер бойынша суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко
Қоюшы балетмейстердің көмекшілері – Константин Заклинский, Ресейдің халық әртісі / Елена Шерстнева
Қоюшы дирижердің ассистенті – Элмар Бөрібаев
Қоюшы сценографтың көмекшісі – Малика Төлегенова
Костюмдер бойынша суретшінің көмекшісі – Дариға Тайшықова
Жарық бойынша суретшінің көмекшісі – Михаил Епанчин
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.