rebranding

«Шоколандия» шоколад мұражайы Ақтау қаласында

Музей шоколада

Өтетін орны: Ақтау қ., Shum СО, 4-ш/а, 74 ғимарат (жоба бірінші қабаттың ауласында орналасқан)

Күні: 24 ақпаннан 10 наурызға дейін (жұма, сенбі, жексенбі)

Жұмыс кестесі: 11: 00 - ден 21:00-ге дейін (касса 19:00-ге дейін).

Ұзақтығы: 60-120 минут

Жас шектеуі: 0+, 5 жасқа дейінгі балалар - тегін (шоколад дәмін татып көру және мастер-класс кірмейді)

Қосымша:

 

 

24 ақпаннан 10 наурызға дейін

Керемет шоколадты халықаралық ойын-сауық-білім беру жобасы.

Көрме бағдарламасында: экскурсия, мастер-класс, Бельгиялық шоколадтың дәмін татып көру, фотозона, белсенділіктер, эксклюзивті шоколатты экспонаттар. 5 жасқа толмаған барлық балаларға - тегін. 

«Шоколад мұражайы» 10 негізгі аймақтардан тұрады. Бірінші аймақта жоба туралы ақпарат беріліп, гидпен танысу болады. Келесі аймақта шоколадтың тарихы туралы біліп, қызықты фактілерді ести аласыздар. Үшінші аймақта бірегей фигуралар мен шоколад туындыларын көруге болады, келесі аймақта біздің аниматорлар түрлі шоколадты фокустар мен басқа да қызықтар көрсететін шоколадты фокустар аймағы. Одан кейінгі аймақта шоколадтан жасалған бірегей фигуралар мен туындыларды тамашалауға болады. Келесі - Бельгиялық шоколадтың дәмін татып көру мен мастер-класстар аймағы. Белсенділік аймағында келішулерге шоколад әлемін ойын түрде зерделеу ұсынылады. Білім аймағында пазлдар жинап, логиканы дамытуға арналған тапсырмаларды орындауға және әртүрлі тесттерден өту мүмкіндігі болмақ. Мұражайда ерекше шоколадтық фотозона да болады. 

Перфоманс аймағында шоколадтық шеберліктің құпиялары ашылатын болады. 

Жұмыс кестесі: жұма, сенбі, жексенбі
11: 00-ден 21: 00-ге дейін (касса 19: 00-ге дейін).

Көрмеге кіру тек экскурсиямен қатар жүреді - осылай 100 есе қызықты болмақ! Экскурсиялар әр сағат сайын өткізіледі. Сағат 11:00, 12:00, 13:00, 14:00, 15:00, 16:00, 17:00, 18:00, 19:00 келіңіздер. Соңғы экскурсия сағат 19.00-де. Демалыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі. 

Экскурсия бағдарламасы: Шоколадтың дәмін татып көру, мастер-класс, ойын аймағы, фотозона, арнайы танымдық экскурсия, шоколад экспонаттары және т.б.

***Жеңілдікті билет мектеп оқушыларына, көпбалалы отбасыларға және зейнеткерлерге таралады. 5 жасқа дейінгі балалар іс-шараға тегін кіре алады, бұл жағдайда дегустация берілмейді. 5 жасқа толмаған балалармен топтық қатысу үшін әр балаға жеңілдікті билет сатып алу қажет. Саны екіден аспайтын 5 жасқа дейінгі балаларға кіру рұқсат етілген, бір алып жіруші саналады (алып жүрушінің жасы 18-ден асқан болуы қажет). 12 жасқа толмаған балалар көрмеге ересектерсіз кіргізілмейді. Көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлерге растаушы құжаттарды көрсетуді сұраймыз. Сувенирлер бөлек сатылады.

Билет Стандарт (шоколад мұражайының бағдарламасы + шоколадтардың дәмін татып көру): 2 280 – жеңілдікті, 2 480 – ересек. Ұзақтығы 50-80 мин

Билет Стандарт+ (шоколад мұражайының бағдарламасы + мастер-класс стандарт + шоколадтардың дәмін татып көру): 2 680 – жеңілдікті, 2 880 – ересек. Ұзақтығы 60-90 мин

Билет Продвинутый (шоколад мұражайының бағдарламасы + ілгері мастер-класс + шоколадтардың дәмін татып көру): 3580 – жеңілдікті, 3780 – ересек. Ұзақтығы 70-100 мин

Билет Профи (шоколад мұражайының бағдарламасы + ілгері мастер-класс + шоколадтардың дәмін татып көру + «Перфоманс»): 5880 – жеңілдікті, 6080 – ересек. Ұзақтығы 80-120 мин