К. Хабенский и Ю. Башмет в Казахстане

Көңілашар

КөңілашарӘзіл-сықақ жобалары – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ерекше сұранысқа ие, көрермендердің көп көретін, іздейтін контенті.

Сондай  ойын-сауықтық жобалардың бірі - «Көңілашар».  Оның негізгі мақсаты - көгілдір экран арқылы  көрерменнің көзайымына айналған әзіл-сықақ театрларының басын қосу және әдемі қалжыңға жалғасқан  көңілді кеш ұсыну.

Жаңа маусымда «Көңілашарға»  «Шаншар», «Өнер қырандары», «Алдаспан», «Бәрекелді», «Тамаша», «Терісқақпай», «Нысана», «Күлкістан», «Екі езу», «Маэстро», «Тақия мен Мафия», «Керемет», «Аққу-Гәкку», «Бауыржан-шоу», «Қуандық пен Бақыт», «Базар жоқ», «ТТТ», «Шымкент-шоу» сынды әзіл-сықақ театрлары қатысады.

Айта кетейік, 19 тамыз сағат 19:00-де  «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында тележоба жаңа маусымдағы алғашқы түсірілімін бастайды. Кеш қонағы - «Керемет» әзіл-сықақ театры.