«Нұрғиса Тілендиевті еске алу» ән кеші
Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Күні: 15 қазан
Тұрақ: бар
Жас санаты: 7+
Қосымша:
КСРО халық артисі, Халық қаһарманы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор, күйші, дирижер НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІ еске алу кешi.
Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «ОТЫРАР САЗЫ» оркестрі.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тлендиева.
Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы.
Көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.
Дирижерлер:
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жалғасбек Бегендіков
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе
Жеке орындаушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев, Дина Хамзина, Нұржан Жанпейісов, Гүлзия Стамбек;
ҚР мәдениет қайраткері Есенгелді Ырза;
Халықаралық конкурстардың лауреаттары Әміре, Фархат Кубиев, Тайыр Тәжіғұлов, Данияр Байжұманов, Әсем Әубәкірова, Эльмира Қашқымбаева.