ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Жезказган
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі

Описание

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ның «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бөлімі 2001 жылы 2 қарашасында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қатысуымен ашылған.

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 2024 жылғы 02 тамыздағы № 4106 санды бұйрығына сәйкес «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ның «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» бөлімі болып бекітілді.

Қуғын-сүргін, яғни, «Репрессия» түсінігінің түп-төркіні мемлекеттік органдарының өз халқына жүргізген қуғындауын, жазалауын, басып жаншуын білдіретін, латын тіліндегі «repressio» сөзінен шыққан. Қуғын сүргін саясаты 1937-38 жылдарда өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдары 9323 комунист партиядан шығарылды. Тек 1938 жылдың көктемінде ғана Горячев төрағалық еткен КСРО жоғарғы соты әскери коллегиялық көшпелі сессиясы жұмыс істеген екі аптаның ішінде Алматыда «ұлттық фашистер» және тыңшылық әрекеттер жасады, деген жалған айыппен 636 мемлекет, қоғам, ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлері ату жазасына кесілді. Осы жылдары бүкіл Қазақстан бойынша 113 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңы ату жазасына кесілді.

Музейдің негізгі мақсаты- қызыл террор кезеңіндегі тарих ақтаңдақтары жайлы тың дерек көздерімен бөлісу және болашақта мұндай трагедия қайталанбас үшін берік азаматтық позиция қалыптастыруға үлес қосу.

Музей үш залдан тұрады:

1)Экспозиялық зал 2) «Тағзым» зал 3) Кино зал

1) Экспозиция залы 12 бөлімнен тұрады, олар:

1)«Алаш арыстары»;

2)«Ашаршылық»;

3)«Созақ көтерілісі»;

4)«Адай көтерілісі»;

5)Қазақстандағы еңбекпен үзету лагерьлерінің картасы;

6)«Оңтүстік Қазақстан бойынша жазықсыз жазаланғандар»;

7)«Азаптау бөлмесі» немесе «Сұрақ жауап камерасы»;

8) «Карлаг» еңбекпен түзету лагері;

9)«Алжир» еңбекпен түзету лагері;

10)«Тоталлитаризм қасіреті»;

11)«Депортация»

12)«Желтоқсан 1986»

2) «Тағзым» зал

Тағзым залында қара тақтада Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша атылған 2500-ге жуық азаматтардың есімдері жазылған. Сондай-ақ, Ақан серінің мәреге жетпей мерт болған «Құлагер» мүсіні орнласқан

3) Кино зал

Кино залында отандық режиссерлердің ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы деректі фильмдер келушілер назарына ұсынылады. Сонымен қатар, кино залда Алаш қайраткерлерінің нақыл сөздері және «Ана мен бала» композициясы орналасқан.

Келу ережелері:

Экспонаттарды қолмен ұстауға-ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).

7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі.

18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

ТЕГІН:

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ, III топ

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Зейнеткерлерге

Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскери борышын өтеушілер.

  • Адрес

    г. Шымкент, К. Рыскулбеков 14 А, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі»

  • График работы

    Понедельник-пятница 09.00-18.00Суббота 09:00-13:00Технический день-воскресенье

  • Продолжительность экскурсии в музее

    30 минут

  • Возрастные ограничения

    Отсутствуют

  • Дополнительно

    Барлық залдарды аралап шығуға болатын уақыт – 30 минут, деректі фильм тамашалау – 30-40 минут. Келуден бұрын музейдің жұмыс уақытын ескеріңіз.Техникалық күн – жексенбіНазар аударыңыз! Бұл күні музей жұмыс жасамайды.

  • Жанр

    музей

Кешбэк до 17% клиентам Freedom BankКешбэк до 17% клиентам Freedom Bank
Кешбэк до 17% клиентам Freedom Bank

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 27
    марта
    завтра
    «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі»
    музей
    от 500
    от 200
    от 200
  • 28
    марта
    пт
    «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі»
    музей
    от 500
    от 200
    от 200
  • 31
    марта
    пн
    «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі»
    музей
    от 500
    от 200
    от 200