ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Житикара
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ӨМІРДІҢ ХОШ ИІСТЕРІ

ӨМІРДІҢ ХОШ ИІСТЕРІ

Сипаттама

19 қараша күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы халықаралық байқауладың лауреаты, музыка академигі (Италия), пианист және композитор, филармонияның солисті Саида Қалықованың 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған концерт ұсынады. Концерт 19:30-да басталады.

Саида Қалықованың шығармашылық өмірбаяны кәсіби музыкалық білімнің барлық сатыларын қамтиды. Үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын Орал қаласындағы музыкалық мектеп пен колледжде жасады. 2006 жылы елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне (қазіргі КазҰӨУ) түседі. Университетті тәмамдаған соң, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Флоренциядағы Луиджи Керубини атындағы консерваторияда шеберлігін шыңдады. Л. Бетховен мен К. Дебюсси шығармашылығы бойынша екі ғылыми еңбегін итальян тілінде қорғап, магистратураны үздік дипломмен бітіріп, музыка академигі дәрежесін алды.

Саида Қалықова Қазақстан, Ресей және Италия қалаларында жеке концерттермен өнер көрсетті. Ол Санкт-Петербургтегі Юрий Темирканов басқарған симфониялық оркестрмен, Флоренциядағы «Pergola» театрының симфониялық оркестрімен (дирижері Алессандро Пинсаути) және Астана филармониясының симфониялық оркестрімен (дирижері Берік Батырхан) солист ретінде өнер көрсетті. Оның қоржынында 80-нен астам концерт бар, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде өткен қайырымдылық концерттерге де қатысқан.

Талантты пианист Қазақстан Республикасының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Жан Шуақ» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Саида Қалықова «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанып, үздік қазақстандық жастар қатарына кірді.

25 жылдық шығармашылық мерейтойына орай Саида Қалықова әйгілі композиторлардың фортепианолық шығармаларын орындайды. Дж. Филдтің «Ноктюрн №1», Ф. Шопеннің «Berceuse», сонымен қатар испан композиторы Э. Гранадостың сирек орындалатын «Концерттік Аллегросы» орындалады. Сондай-ақ, Саида өзінің авторлық шығармаларының тұсаукесерлерін «Осенний вальс», «Лунный цветок», «Дыхание сирени», «Осколки грусти» және т.б. туындыларын ұсынады. Бұл шығармалардың идеялары композитордың жеке сезімдерінен туындаған, және солар арқылы жаңа бағдарламасына «Аромат жизни» атауы берілген.

Концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Сүндет Байғожин (баритон), Мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева (фортепиано) қатысады.

Кештің құрметті қонағы Мадрид корольдік консерваториясының профессоры, пианист және композитор Андреас Карлос Манкадо Лопес.

Фортепианолық музыканың әсемдігін ашып, халықаралық конкурстардың лауреаты, пианист Саида Қалықованың өнерінен ләззат алыңыздар!

Толық оқыңыз

      Бөлісу:

      Кесте
      • Күні
        Өту орыны
        Аймақ
        Ересектерге
        Балаларға
      • 19
        Қараша
        Сейс
        Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы
        Зал
        бастап 3000
        бастап 3000