rebranding

Виолончельдің ғажайып үні

2017 / 2018               Камералық зал                   V маусым

18 сәуір * сәрсенбі * 19.00

Концерт

«Виолончельдің ғажайып үні»

(КСРО Халық әртісі Наталия Шаховскаяны еске алу)

«Виолончельдің ғажайып үні» камералық музыка концертінде танымал қазақстандық музыкант, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет пен өнер саласындағы лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев пен пианист Анара Камельинованың орындауында классик композиторлардың виолончельге арналған шығармалары шырқалады.

Концерт кеңестік және ресейлік әйгілі виолончелист, педагог, КСРО Халық әртісі, профессор Наталия Шаховскаяны (1935-2017) еске алуға арналады.

Наталия Шаховская аты аңызға айналған Мстислав Ростроповичтің ең дарынды әрі сүйікті шәкірттерінің бірі болған. Оның орындау шеберлігі тереңдігімен, мазмұндылығымен, сан қырлы дыбысталуымен және жігерлілігімен ерекшеленді. 1962 жылы Шаховская Чайковский атындағы байқауда бірінші сыйлыққа ие болып, Мәскеу консерваториясында ұстаздық ете бастайды. Ол әлемнің көптеген елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсеткен. Оның репертуарында – виолончельге арналған шамамен барлық жеке және ансамбльдік шығармалар бар. Наталия Шаховскаяға өз туындыларын С.Беринский, С.Губайдулина, Л.Книппер, Н.Сидельников, С.Цинцадзе арнаған. Оның шәкірттері қатарында Ресейдің еңбек сіңірген әртістері мен көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары бар. Олардың ішінен Ермек Құрманаев та табылған.

 

Бағдарлама:

Л. ван Бетховен. Виолончель мен фортепианоға арналған №3 соната, Ля мажор, ор.69

1. Allegro ma non tanto

2. Scherzo

3. Adagio cantabile - Allegro vivace

 

Д. Шостакович. Виолончель мен фортепианоға арналған соната, ре минор, оp.40

1. Allegro non troppo

2. Allegro

3. Largo

4. Allegro

 

Орындаушылар:

Ермек Құрманаев – халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

Фортепиано партиясында – Анара Камельинова, халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығрамаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады