Маугли
Өтетін орыны: Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі,1, Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театры
Автор: Е.Киплинг
Премьера күні: 2019 жыл
Режиссёр: К.Жанмұратова
Көркемдеген суретші: Н.Қалымбетов
Жанр: ертегі
Ұзақтығы: 90 минут
Жас санаты:
Қосымша:
Редьярд Киплингтің «Маугли» шығармасында қасқырлар асыраған үнді баласының батырлығы суреттеледі. Айбатты қаншық қасқыр Ракшаны еміп өскен Маугли джунгли заңдарын әп-сәтте үйреніп алады. Қабыланша ағаштан-ағашқа өрмелеуге, балықша суда жүзуге, маймылша бұтақтарда секіруге машықтанады. Ең соңында джунглидегі ең құдіретті бөрі-бала болып шығады. Оның отты жанарына қасқыр да, тіпті Багира да төтеп бере алмайды. Себебі, ол – джунгли патшасы. Үстемдік пен тартыс-таласқа толы Маугли ертегісін бірге тамашалайық!