ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Жаңаөзен
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Шостакович қуыршақтары» балет-қойылымы

«Шостакович қуыршақтары» балет-қойылымы

Сипаттама

Қуыршақтар әрбір ойыншық өзінің бірегей әуенімен жанданатын әсерлі шытырманға аттанады. Басты назарда - моншағы күрт үзілген сәтте биі тоқтап қалатын қуыршақ. Алайда оған көмекке көптеген сан түрлі ойыншықтар келіп, жоғалған моншақтарды табуға қол ұшын созады. Әрбір кейіпкердің өзіндік бірегей музыкалық орындауы ұсынылады. Жарқын әрі көңілді әуендерден мұңды әрі қиялшыл әндерге дейін - әрбір туынды өз кейіпкерінің ішкі жан дүниесін ашып, мінезін сипаттайтын болады.

«Шостакович қуыршақтары» - бұл жай ғана қарапайым спектакль емес, ең кішкентай және болмашы нәрселердің де нағыз бақыт пен қуаныш әкелуі мүмкін екендігін суреттейтін әңгіме.

Біздің спектакль біреудің қойылымын немесе кәсіби труппаның жұмысын қайталау болып табылмайды. Бұл Дмитрий Дмитриевич Шостаковичтің «Қуыршақ билері» музыкалық жинағына негізделген біздің театрдың дербес туындысы. Оны жасауға өнер саласындағы үздік мамандар: сценаристер, қоюшылар, дизайнерлер, костюмерлер тартылды.

«Шостакович қуыршақтары» Д.Д.Шостаковичтің «Қуыршақ билері» музыкалық жинағы негізінде жасалған алғашқы және жалғыз театр туындысы болып табылады.

Біздің қойылымымыз - осы тамаша музыкалық шығарманың жаңа қырларын ашатын бірегей шығарма екенін мақтан тұтамыз.

Бізбен бірге болып, жүздеріңізде күлкі оятатын, тәмсандыратын және толғандыратын кейіпкерлерімізге толы ғажайып әлеміне терең бойлаңыздар!

Балаңыз керемет музыка мен би қимылдарынан ләззат алып қана қоймай, классикалық музыканы бағалауға және түсінуге үйренеді.

Бұл концерт балаңыздың мәдени дамуын нығайтатын, оның білімін кеңейтетін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесетін тамаша тәжірибе болмақ.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Сарыарқа ауданы, Желтоқсан 13, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

  • Күні

    5 шілде, 2024

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    50 мин. 

  • Жас шектеуі

    3+

  • Жанр

    спектакль

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 3
    Шілде
    Сәрс
    Государственный академический русский театр драмы им. М.Горького
    бастап 1500
    бастап 1500