rebranding

WE WILL ROCK YOU

2024 жылдың 29 мамырында, сағат 18.30-да, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хорының гастрольдік концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі және дирижері – ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Мадина Нұрғожинова, хормейстері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мадина Жармұхамбетова.                       
                          
Ұйымдастырушылар:
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы.
 
Иса Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хоры көрермендерін жаңа идеялармен және бірегей  шығармашылық жобаларымен үнемі таңдандыруда.
 
Концертте бүкіл әлем тыңдайтын «Queen» тобының «The show must go on», «Beatles»-дің «Hey, Jude!», «Иглс» тобының «Hotel California» сияқты әйгілі рок композицияларымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі басқа да танымал хиттер орындалады. Сонымен бірге қызықты ансамбльдер, дуэттер мен жеке вокалдық партиялар ұсынылады.