Расписание кино в Усть-Каменогорске

МУЗЫКАЛЫҚ ДӘУІРЛЕР СҰХБАТЫ

«Қазақквартет шақырады» циклі

МУЗЫКАЛЫҚ ДӘУІРЛЕР СҰХБАТЫ

2017 жылғы 29 қыркүйекте халықаралық конкурстардың лауреаты Ернар Нұртазиннің (фортепиано) қатысуымен белгілі ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.

Ғ.Жұбанова атындағы квартет – Қазақстанның ғана емес, көптеген әйгілі музыкалық форумдарда жоғары атақтар пен марапаттарға ие болып жүрген, әлемнің үздік камералық ансамбльдерінің бірі. Ұжым жоғары орындаушылық шеберлігімен, техникасының өрнектілігімен, тек дарындылықпен ғана емес, маңдай тер еңбектің арқасында келетін таза, әрі үйлесімді үнімен ерекшеленеді.

Жаңа маусымда квартет «Астана Опера» театрының Камералық залындағы «Қазақквартет шақырады» концерттер сериясын жалғастырады. Бағдарламада Й.Гайдн, Р.Шуман және Д.Шостаковичтің шығармалары орындалады.

Дмитрий Шостаковичтің Соль минор фортепиано квинтетін, ор.57 (квартет пен фортепианоға арналған) сол кездің өзінде композитордың әріптестері, достары мен сыншылар сүйсіне қабыл алып, жаңа туындының құндылығын бірауыздан атап өткен. Бұдан басқа, 1941 жылы композиторға Фортепиано квинтеті үшін бірінші дәрежелі Сталин силығы берілген.

Жетпіс жылдан астам уақытта Фортепиано квинтеті Дмитрий Шостаковичтің ең үздік шығармаларының бірі, сондай-ақ ХХ ғасырдың барлық музыкалық мәдебиетіндегі осы жанрдың маңызды шығармаларының бірі болып қалды.

Фортепиано партиясын жас дарынды қазақстандық орындаушылардың жарқын өкілі, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Симфониялық оркестрінің бас дирижері Ернар Нұртазин орындайды.

 

Бағдарламада:

Йозеф Гайдн. №1 Соль мажор ішекті аспаптар квартеті,  ор. 76

Роберт Шуман. №1 ля минор ішекті аспаптар квартеті, ор. 41

Дмитрий Шостакович. Соль минор фортепиано квинтеті, ор. 57

 

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі  – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

Фортепиано партиясыхалықаралық конкурстардың лауреаты Ернар Нұртазин

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады