Афиша спорта в Усть-Каменогорске

Con anima («Жан-тәнімен»)

Con anima скрипкаға арналған музыка кешін «Астана Опера» театры оркестрінің солисі халықаралық байқаулардың лауреаты Қаламқас Жұмабаева мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері пианист Алтай Құсайынов ұсынады.

Музыканттар камералық классика жауһарлары – И.Брамс, П.Чайковский, К.Сен-Санс, А.Шнитке, М.Сағатовтың туындыларын орындайды.

Қаламқас ЖҰМАБАЕВА – «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің солисі және бірінші скрипкасы. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, көптеген беделді халықаралық байқаулардың Гран-при иегері әрі лауреаты.