Өтетін орыны: Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы 38, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Автор: Мұхтар Әуезов
Премьера күні:
Режиссёр: Жанат Хаджиев
Актерлар:
Жанр: трагедия
Ұзақтығы:
Жас санаты:
Қосымша:
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ. (Абай.)
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!» — деген Абай әлемін біз жете түсініп, Абай ғибратына толық қаныға алдық па?..
Азғындыққа қойылар тосқауылдар болады. Тобырлық сананы сілкінтетін не?.. Сұрқия менен сұр жыландарға тас атар кездер-де болады. Міне, осындай тіршілік тұтқиылдарын ұғынған бала -Абай бірден есейіп кетеді. Есейткен кімдер?- Өз ортасы.
Абай — таусылмайтын әлем! Ендеше, көрермен!
«Жас Абайды» көріп, елге-де бір есті керегін сезінгендей боласыз…