Scorpions в Алматы

Мәңгі өшпес музыка

«Мәңгі өшпес музыка»

Концертте ұлы австриялық классик композиторлар В.А.Моцарт пен  Й.Гайднның шығармалары орындалады.

Жаңа жыл қарсаңындағы ерекше жайдарлы кеш, әртістердің тартымды өнері мен жоғары орындаушылық шеберлігі, классицизм дәуірінің сал-алуан музыкалық жанрлары тыңдармандар жүрегін баурап алмақ.

Сахнада «Астана Опера» Камералық-симфониялық оркестрінің дарынды музыканттары мен солист Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ) өнер көрсетеді.

Ордабек Дүйсен – белгілі қазақстандық скрипкашы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Даллас Опера» (АҚШ) симфониялық оркестрінің концертмейстері, Колима қаласындағы (Мексика) Өнер университетінің Құрметті әртісі және шақырылған профессоры, Форт Уорт қаласындағы (АҚШ) симфониялық оркестрдің әртісі, Грацтағы (Австрия) AIMS фестивалінің бас концертмейстері.

Музыканттар отбасында дүниеге келген (әкесі – күйші-домбырашы, анасы – пианист). Қазақ ұлттық музыка академиясын, Техас штатындағы (АҚШ) Даллас университетінің аспирантурасы мен магистратурасын тамамдаған. ТМД, Еуропалық одақ, Азия, сондай-ақ АҚШ елдерінде гастрольдік сапарлармен болып өнер көрсеткен. «Әртіс жастардың дүниежүзілік күні» (Майами, АҚШ), «Лагуна музыкасы» (Италия), «Моцартеум» (Австрия), Pacific Music Festival (Жапония) сынды халықаралық фестивальдердің қатысушысы. Қарындасы, пианист Дина Дүйсенмен бірге Duissen-Duo дуэтінде өнер көрсетеді. Өз концерттерінің бағдарламаларына ұлттық композиторлардың шығармаларын енгізіп, Қазақстанның музыкалық мәдениетін шетелдерде насихаттап келеді.

Атақты музыкалық әулеттің ізбасары, халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Ілияс Дүйсен дирижер ретінде алғаш рет өнер көрсететін болады.

Бағдарламада:

В.А.Моцарт. №29 симфония, Ля мажор (K. 201)

1. Allegro moderato

2. Andante

3. Menuetto

4. Allegro con spirito

 

Й.Гайдн. Оркестрмен скрипкаға арналған концерт, Соль мажор

1. Allegro moderato

2. Adagio

3. Allegro

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады