rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Максим Галкин. «Бірі барлығы үшін»

Максим Галкин. «Один за всех»

«Бірі барлығы үшін» Үлкен жеке концерті 

Балалық, батылдық, күлкі, «болмыстың адам төзгісіз жеңілдігі». Максим Галкин — «Алиса ғажайыптар әлемінде» Чеширлік Мысық болған, және де шымылдық жабылып, әртіс оның артында қалса да, оның жымиған жылы лебізі сахнада қалықтап қалады. 

Атақты сықақшының скетчтарын, суырып салма және ілікпе сөздерін сөзбен суреттеру – лайықты емес іс. Оларды өз көзімен көріп, есту керек, күлкімен жарылып мен ду қол шапалақтарды қоймай жатқан көрермен залында отырып соның бәрін тамашалау қажет. 

Максим: өзін еркін ұстайтын, сабаз (әрине күндегідей, аздап бұзықтау), көрермен ілтипатының толқынында жүзеді. Бірде бір көрерменінің «шығарған» гүлшоғы оның игі назарынсыз қалмайды. Максим жалпы өзі осындай: келекелеп те әзілдейді, және қалжыңдары жеңіл өтсе де, ішек сүлесі қатқанша күлдіртетін әзілдер; бірақ ешқашан көрермендерге деген махаббаты мен өнегелілігін жоғалтпайды. 

Оның ресей және шетелдегі шоу-бизнес құбыжықтарына жасаған жарқын пародиялары мен қайта түрленулері дәл көрсетілгендігі соншалықты, тіпті кімге қол соғарыңды білмейсің – Галкинге ме, әлде – атақты «Ночь пройдёт, солнце взойдёт..»  әнімен кенетте сахнада пайда болған Муслим Магомаевқа ма? Әлде байсалды Дима Билан мен Басковқа ауысқан Александр Серовқа ма? Кейін «Верка-Сердючка» көрінді, ал оны алмастыруға Рената Литвинова - «Марлен Дитрих наших дней» келді; ол да жасырынып, кезекке дабырлы дауысты Маша Распутина бір флаконда Жанна Агузаровамен...Кенеттен – бір демде – сахнада Анна Нетребконың періштедей сопраносы құлпырады, көріністің шындығына сенбей, кейбіреуі өзін шымшуға тура келіп жатады. Бірақ мәселе мұнда емес, және «әуен ұзақ ойнамады»! Мәңгілік арияны Филлип Киркоровтың үнді баритоны алмастырады да, тағы да барлық көрермендер бір тыныспен тыңдай жөнеледі. Сөйтіп сахнаға қайта Максим Галкиннің тек өзі оралады. Жалғыздан-жалғыз болса да, бірақ артында мыңдаған тұлғалар мен кейіптері тұрады. 
«Адамзат өзінің өткенімен күліп қоштасады» - бұл танымал, ұдайы қолданылатын дәйексөзге айналды. Ток-шоу жүргізушілері, әншілер, саясаткерлерді -  Максим шеберлікпен бақылап, көшірген, және олар бізге -  қарапайым көрермендерге тіпті «жақынырақ және туғандай» көрінеді. 

Мүмкін осының бәрінің бір түбінде бір түйірдей шындық бар да шығар. Ал әртіс еш қатысы жоқтай шетте тұрса да, бірақ барлық сызықтары мен ымдарын бақылап тұрып, зерттейді, және соларды өзінің көрінбейтін пародиялар галереясына енгізіп қояды. Сырттай қарапайым көрінеді, сонда да көп нәрсені білетін жан. Күлкімен жарқылдаған, бірақ фавнның мәнді жымиюымен ерекше. 

Өйткені біз ешқашан біле де алмаймыз ғой, сол қаншама бетперденің астында – сол кезеңдере оның ӨЗІНЕ іштей мәз бола ма екен? Әлде жоқ па? Оның қалжыңдарына сол, біздің шапалақтарымыз бен күлкілеріміздің ар жағында оған шынымен күлкілі болатын күндер бола ма екен?

«Білесіздер ме, мен өзім ақ өзімнің концертіме рахаттанып барып қайтар едім, сондай жақсы концерт!»  - деп тағы қалжыңға басады Максим. 

Ұзақтығы: 2 сағат