rebranding

Лист, Шопен және аргентиналық танго

ҚазақстандағыШвейцарияЕлшілігініңқолдауымен

«Лист, Шопен және аргентиналық танго»

А. Хинастераға (1916-1983) арналған фортепианолық музыка концерті

«Астана Опера» КамералықзалындаҚазақстандағы Швейцария Елшілігініңқолдауымен аргентиналықпианист Луис Аскоттыңконцертіөтеді.

Луис Аскот – әйгілі пианист, Женева консерваториясыныңҚұрметтіпрофессоры. Оныңұстаздары – Мориц Розенталь, Теодор Санто, Исидор Филипп және Эдвин Фишер, олар өз кезегіндеұлы композиторлар мен ұстаздар Ференц Лист пен Ферруччо Бузонидіңшәкірттеріболған.

Луис Аскот – бірнеше халықаралықбайқаулардыңлауреаты. ЕуропаменАмериканыңкөптегенсахналарындаөнеркөрсеткен. 1995 жылы – Үндістанда, 2007 жылы – Қытайдакөлемдіконцерттіктурнеөткізген.

1998 жылы Буэнос-АйрестіңКолонтеатрында Умберто Джорданоның«Федора»операсында пианист рөлін сомдаған, ал басқа негізгіпартияларда Мирелла Френи, Пласидо Доминго және Шеррилл Милнс шырқаған.

Аргентиналықкомпозитор Альберто Хинастераныңжақындосыәрішығармаларыныңүздікжеткізушісі ретінде танылған Луис Аскот өзінің шығармашылық мансабында осы композитордыңмузыкасынтаныстырып, таратуда. Ол А. Хинастераның фортепианолық шығармалары және Фортепиано мен оркестрге арналған №1 концертін (op.28) орындағаны үшін сыншылар тарапынан алғысқа бөленді. 2003 жылы Еуропа мен Американыңкөптеген елдерінде аргентиналық композитордыңқайтысболғанына 20 жылтолуынабайланысты концерттер сериясын өткізді.

Луис Аскот сонымен қатар халықаралық пианистер байқауларындақазылар алқасыныңмүшесі болып табылады жәнетүрліелдердіңконсерваториялары мен университеттерінде шеберлік сабақтарынжүргізеді.

2011 жылы жемісті шығармашылыққызметіүшін Аргентина музыкалықсыншыларықауымдастығының атынанмарапатталды.

Концерт бағдарламасы:

Альберто Хинастера        Milonga

Йозеф Гайдн                      До мажор сонатасы, Hob. XVI/35

Фредерик Шопен              До минор ноктюрні, ор.48 №1

Фредерик Шопен              №3 баллада, ля-бемоль мажор, ор.47

 

Үзіліс

 

Астор Пьяццолла             «Періште» трилогиясы

Ференц Лист                      №3 жұбаныш, ре-бемоль мажор, S.172

Ференц Лист                      №104 Петрарка сонеті, ми мажор

Альберто Хинастера        №1 cоната, ор. 22

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут