Scorpions в Алматы

«ФЛАМЕНКО КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ »

28 маусымда «Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнері фестивалінің аясында аңызға айналған «Castro Romero” (Испания) ұжымының алғашқы әрі жалғыз концерті көрсетіледі.

 «ФЛАМЕНКО КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ »

 Үш биші, екі әулет және бір ғана құштарлық - ФЛАМЕНКО.

   Басты орындаушылар мен хореографтар: Росарио, Рикардо және Хосе Кастро Ромеро. Рикардо, Хосе мен олардың әпкесі Росарио Испаниядағы фламенко орындаушылары мен хореографтарының ішіндегі ең танымалы. Бишілерден бөлек, труппада гитарашылар, әншілер, перкуссионистер және басқа да музыканттар өнер көрсетеді. Олар Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте лауреаттары (Франция, Австрия, Жапония, Украина, Ресей, Испания, Қытай, Мексика, Чехия, Австралия).   Бұл ұжым испаниялық режиссер Карлос Саураның «Сиқырлы махаббат» («El Amor Brujo») атты атақты фильміне түскен. 2008 жылы өз елінде «Вива Мәдениет» Ұлттық Би Сыйлығымен мараптталды (XVII сыйлық). Росарио мен Рикардо – «Кармен» операсының (Үлкен театр, Мәскеу) қоюшы-хореографтары әрі жетекші бишілері.