Туры
Теперь вы можете подписаться на анонсы Еркебұлан Бекен
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Еркебұлан Бекен

Еркебұлан Бекен

Туған күні
16.10.1988 (35), Тарбағатай ауданы, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Таразы


Еркебұлан Бекен - Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының актері. Абай мәдениет үйінің «Өркен» жастар театрының жетекшісі. Актерлік шеберлік бойынша «Оқушы» орталығының жетекшісі.

Шығармашылық жолы:

  1. 2006-2007 жылдары Абай атындағы облыстық музыкалық драма театрында актер болып жұмыс істеді.
  2. 2007-2011 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актерлік өнер» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаевтың шеберханасында оқыды.
  3. 2011 жылдан бастап Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының жетекші әртісі.

Жетістіктері:

  • 2013 жылы Жантөрин театрының 10 жылдығына арналған Мәдениет басқармасының алғыс хаты;
  • 2014 жылы Жантөрин театрының «Жыл актері» номинациясы;
  • Облыс әкімі орынбасарының 2015 жылғы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған алғыс хаты;
  • Қазақстан театр қайраткерлері одағымен тығыз ынтымақтастығы, театр өнерін дамытуға қосқан үлесі, шығармашылық ұйымға бастамашылық еткені үшін 2016 жылғы Халықаралық театр күніне Құрмет грамотасы;
  • 2016 жылғы Мәдениет және өнер күніне облыс әкімінің алғыс хаты;
  • Каспий маңы мемлекеттері басшыларының 2018 жылғы Бесінші Каспий саммиті шеңберінде мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хаты;
  • 2019 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат;
  • 2019 жылы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Abish Alemi» І Халықаралық театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хат;
  • «Үздік актер» номинациясы Жантөрин театры қызметкерлерінің 2019 жылғы Халықаралық театр күніне орай 2018-2019 жылдардағы дауыс беру қорытындысы бойынша;
  • 2019 жылы XIV облыстық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалін жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хат;
  • 2021 жылғы Мәдениет және өнер күніне орай кәсіподақ ұйымының алғыс хаты;
  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың 2021 жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астана қаласында Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының гастрольдерін табысты өткізуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;
  • «NJ Fest-2021» Жантөрин театрының «Тұмар-2021» номинациясы 2021 жылы;
  • 2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Эмоцияларды басқару» бағдарламасы бойынша актердің кәсіби дағдыларын жетілдіру;
  • 2022 жылы «Әбіш әлемі» II Халықаралық театр фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты;
  • 2023 жылы «NJ Fest-2023» Жантөрин театрының фестивалінде «Үздік актер» номинациясында марапатталды.

Сомдаған рөлдері:

  •  Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» - Сансызбай
  • Т. Әліпбаев «Томирис» - Спаргапис
  • У. Шекспир «Ромео Джульетта» - Ромео
  • С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Тоқтар
  • Абайдың 38-ші қара сөзінің желісі бойынша «38 немесе Қарақұрт» - Тоқашбай
  • З. Зайнуллин «41-ші жылдың келіншектері» -  Абдулла комсомол
  • О. Жанайдаров «Жұт» - Ахмет
  • М. Мақатаев «Қош, махаббат» - Айбар
  • Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» - Марат
  • Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мақсат
  • Ә. Кекілбаев «Абылай хан» - Әбілмансұр, Әмірсана
  • Д. Исабеков «Әпке» - Сұлтан
  • С. Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» - Нұрбақыт
  • Ф. Эрве «Айлакер ару» - Шамплатро
  • Ә. Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» - Жаппар
  • А. Володин «Қос жебе» - Жүргіш, Қалқанқұлақ
  • С. Жүсіп «Адам болып өтейін» - Мәңгүрт
  • Г. Хугаев «Көшкін» - Жас бала
  • С. Назарбекұлы «Ант» - Есберді
  • М. Хасенов «Пай- пай, жас жұбайлар-ай!» - Бекзат
  • Г. Хугаев «Серттесу» - Бебе
  • М. Әуезов, С.Цвейг «Зілзала» - Жапон жігіті
  • Е. Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Жас жігіт
  • А. Камю «Калигула» - Калигула
  • М. Әуезов «Қарагөз» - Сырым
  • У. Шекспир «Гамлет» - Гамлет, Лаэрт
  • Н. Гоголь «Ревизор» - Хлестаков
  • Ш. Айтматов «Ана - Жер Ана» - Жайнақ
  • Ә. Кекілбайұлы «Шыңырау» - Байсал бай, Төкен бай
  • Ж. Ерғалиев «Жан шырылы» - көпшілік сахна
  • Н. Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Тергеуші
  • С. Адай «Үрей дерті» - Сауысқан
  • Ш. Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы..» - Данияр
  • С. Нұржан «Хан кегі» - Неплюев
  • А. Кристи «Мышеловка» - Джайлс Рэлстон
  • Ә. Кекілбайұлы «Күй» - Жапар
  • А. Цагарели «Ханума» - Тимотэ
  • Г. Горин «Атың өшсін» - Крисипп
  • Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Теодоро
  • С. Нұржан «Хан кегі» - Тевкелев
  • А. Островский «Найзағай» - Борис Григорьевич
  • Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Қожа
  • И. Ғайып «Естайдың Қорланы» - жас Қожақ

Ертегілер:

  • М. Абай-Ділдәнің «Шрек» - Қарға
  • «Балшық бала» - Балшық бала,
  • «Тақиялы ботақанда» - Қасқыр,
  • «Туған күнде» - Маймыл
  • Ш. Перроның «Етік киген мысық» - Маркиз де Карабас, мысық,
  • Орыс халық ертегісі «Бауырсақта» - Қоян
  • Ағайынды Гриммдердің «Бремен музыканттары» - Трубадур,
  • «Белоснежка және жеті гномда» - Ашуланшақ гном
  • М. Томановтың «Қошқар мен теке» - Теке
  • О. Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» - Спорт 

Режисер ретіндегі жобалары:

  • Ш. Перроның «Золушка»
  • Ш. Перроның «Сұлу мен Құбыжық»
  • Ағайынды Гримнің «Белоснежка және жеті гном»
  • «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен қойылған «Аладдиннің сиқырлы шамы» 

Фильмографиясы:

  • Толық метражды фильм «Хотя бы в кино» - Электрик
  • Телехикая «Сезім толқыны» - Жұмабек