Туры

Айсұлудың сыры

Наурыз көжені қалай дайындау керек? Оның күші неде екенін кім біледі? Неліктен оны сиқырлы тағам деп атайды? Ертегі кейіпкерлерімен бірге көрермен де Айдай сұлу қыздың сырын анықтап білу үшін сан алуан сынақтарға төтеп беріп, ойындар мен байқаулардан өтетін болады. Киелі көже даярланған сәтте, Қадыр ата Ұлыстың Ұлы күніне бата беретін болады. 

Қойылым қазақ халық ертегілерінің негізінде құрылған. Қазақ ұлттық әндері орындалады. Балалардың алдына ұллтық киім киген ақын шығып, адам баласы дүниедегі барлық тіршіліктің тілін білген өзінің жастық кезіндегі ертегіні тамашалауға шақырады. 

Ертегіде келесі оқиға желілері жиналған: қарлығаштың құйрығы неше айыр, Наурыз мерекесі қалай пайда болды, жыланның тілі неге сондай. 

Бұл ертегі егер жақсы, мейірбан әрі кеңпейілді адам болсаң, адам баласын табиғаттан еш нәрсе ажырата алмас деп дәріптейді. Балаларды дұрыс шешім қабылдап, зұлым арбаулардың соңынан ермеуге үйретеді.