ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Туркестан
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Piano Duo

Piano Duo

Сипаттама

«Dala Classic» музыкалық агенттігінің жаңа ерекше жобасы бұл жолы тыңдармандар үшін фортепианолық дуэттің бірегей әлемін ашады.

2024 жылғы 24 мамырда Франциядан шыққан керемет дуэт Людмила Берлинская мен Артур Ансель шығармашылығын көпшілік назарына ұсынады.

Музыка саласындағы тәуекелшіл жаңалықтар, фортепианолық әдебиеттің жарқын парақтары және шабытты шақты көрермендерге сыйға тартуға деген жомарт тілек бұл дуэттің ерекше қырлары. Людмила Берлинская мен Артур Ансель бір-бірінен ажырамайтын пианист-ізашарлар әрі құштарлыққа толы нағыз сахналық жұп.

Ең әйгілі әрі беделді журналдар бұл дуэт туралы «сенсациялық пианистер» (Fanfare), «қарапайымдылық пен сиқыр өлшемдерін сан қырынан бір уақытта бере білетін» (Le Monde) деп жазады, олар туралы «қандай нақты болса, соншалықты шебер» (Classica) және олардың «үндестігі бір пианистің ойнап жатқанындай әсер тудырады» (musicweb-international), «шебер ойнауы көз тойдырады» (fonoforum) деп сипаттайды. Пианистер «бүтін бір организмнің әсерін сыйлайды» (concertclassic.com).

Берлинская-Ансель дуэті халықаралық сахнадағы ең атақты әрі маңызды фортепианолық дуэттердің бірі.

Людмила Берлинская мен Артур Ансель әйгілі музыканттар әулетінен шыққан шеберлер, олардың әрқайсысы солист ретінде мықты жол қалыптастырған. Сондықтан олардың дуэті бірін бірі толық түсініп, үндесуге негізделген. Олардың екеуге ортақ сахналық қуаты сіңген концерттік бағдарламалары, олардың көрерменге әйгілі де ешкім күтпеген шығармаларды жеткізе білу қасиеті фортепианолық дуэт секілді музыка саласының ғажап форматын камералық музыканың өзге танымал формаларының жаңа, биік деңгейіне көтеру тілегінен шыққан.

Концерт орындаушылары:

Людмила Берлинская | Франция

Артур Ансель | Франция

Бағдарламада:

Александр Бородин «Игорь князь» операсынан «Қыпшақтар биі» (В.Бабиннің өңдеуінде)

Эми Бич ирланд тақырыптарына сюита, op. 104

Виктор Бабин - Piper of Polmood (шотланд халық мелодиясы)

Арнольд Бакс - Moy mell (ирланд тақырыптарына)

Игорь Стравинский «Петрушка» балетінен үш үзінді (В.Бабиннің өңдеуінде)

К.Сен-Санс - «Danse macabre» («Өлім биі»)

*ұйымдастырушы бағдарлама мен орындаушылар қатарына өзгеріс енгізуге құқылы

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қаласы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық филармониясы, Үлкен концерт залы

  • Күні

    22 мамыр 2024 жыл

  • Басталуы

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    6+

  • Қосымша

    ұйымдастырушы бағдарламаға және орындаушылар құрамына өзгерістер енгізуге құқылы

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 22
    Мамыр
    Сәрс
    Гастрольная сцена филармонии им. Жамбыла
    бастап 5000
    бастап 8000
    бастап 5000