2019/2020 Камералық зал VIІ маусым
12 ақпан * сәрсенбі * 19.00
Камералық музыка кеші
«Солодан квартетке дейін»
«Солодан квартетке дейін» концертінің бағдарламасында – ХХ ғасыр композиторларының камералық шығармалары. Оларды «Астана Опера» театры оркестрінің әртістері – жас музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары ұсынады. А.Серкебаев, С.Прокофьев, А.Пьяццолла, Д.Шостаковичтің соло скрипкаға, қос скрипкаға, фортепианолық трио мен ішекті аспаптар квартетіне арналған туындылары сынды танымал классика шырқалмақ.
БАҒДАРЛАМА:
А.Серкебаев. Фортепианоға арналған соната, до минор, финал
С.Прокофьев. Қос скрипкаға арналған соната, до мажор, op.56
I. Andante cantabile
II. Allegro
III. Commodo (quasi Allegretto)
IV. Allegro con brio
А.Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі»:
«Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»
Д.Шостакович. №7 ішекті аспаптар квартеті, фа-диез минор, op.108
І. Allegretto
ІІ. Andante
ІІІ. Moderato - Allegretto – Andante
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айжан ЕРМҰХАНОВА (скрипка)
Талшын КЕШІЛБАЕВА (скрипка)
Марузат СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ (скрипка)
Леонид МЫСОВСКИЙ (альт)
Назым УӘЛИЕВА (виолончель)
Камиля АХМЕТОВА (фортепиано)
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады