ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Туркестан
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Фореден бастап Пуленкке дейін

Фореден бастап Пуленкке дейін

Сипаттама

Концерт

«Фореден бастап Пуленкке дейін»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасыр басындағы француз композиторлары туындыларынан тұратын бағдарламаны «Астана Опера» театрының жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова ұсынады. Фортепиано партиясында Зәру Жазықбаева.

XIX XX ғасыр тоғысы француз камералық-вокалдық лирикасының гүлдену кезеңін паш етті. Дәуірдің жетекші композиторлары вокалдық музыкаға шынайы қызығушылық танытып, камералық, нәзік әрі әсерлі шығармалар жасау қажеттігін сезінді. Қос ғасыр композиторларының шығармашылығында вокалдық миниатюра талғампаз көркемдік келбетке ие болды. Көптеген опустар талай орындаушылардың концерттік бағдарламаларына сән беретін нағыз жауһарларға айналды.

Концертте Г.Форе, Э.Сати, Р.Ан, К.Дебюсси, Д.Северак, Ж.Орик, А.Дютийё, Ж.Легерне, Ф.Пуленк сынды композиторлардың туындылары шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Алексей КОСЫРЕВ (флейта)

Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет)

Концертмейстер Зәру ЖАЗЫҚБАЕВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    21 мамыр, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    5+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 21
    Мамыр
    Сейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000
    бастап 5000