rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Кәріс келін (2024)

Шығарылған жылы: 2024

Дистрибьютор:

Өндіріс елі: Қазақстан

Продюсер:  ТОО «Turkistan Media Holding» 

Басты актерлер:

Жанр: Мелодрама, комедия

Ұзақтығы: 75 мин

Жас шектеуі: 12+

Премьера күні: 1 наурыз 2024

 

Тіл: Қазақша

Бұл фильм шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген. Түркістан облысы Түлкібас ауданына келін болып түскен Суджин есімді кәріс қызының бастан өткерген оқиғалары баяндалады. Ол өз сүйгені - қазақ азаматы Сәкенмен Сеул қаласындағы асханалардың бірінде танысады. Бір-бірін бір көргеннен ұнатып, ғашық болып қалады. Оңтүстік Кореяда жұмыс бабымен жүрген Сәкен аяқ асты депортацияға ұшырап, елден қуылады. Араға біршама уақыт салып, өз махаббаты үшін күресуге Суджин Қазақстанға келеді. Бір жағы, Сәкенді туған күнімен құттықтауға барып, тосынсый жасамақшы болады.

    Сәкеннің анасы үнемі баласын «үйлен, жасың келді» деп жүргенімен, жігіт мүлде құлақ аспайды. Себебі, ол отау құрып, шаңырақ көтеруге әлі ерте деп ойлайды. Оның үстіне, Суджинді ұмыта алмай, бұрынғы естеліктері есінен кетпей жүрген еді. Ал, анасы оны өзінің құрбысының қызы Әселмен үйлендіргісі келеді. Әсел мен Сәкен бала кезден дос, жақсы араласады. Дегенмен, екеуінің арасында сезім жоқ. Қос құрбы құдағи болу жолында біршама қулықтар жасайды.

     Суджиннің Қазақстанға келуі Сәкеннің отбасы үшін күтпеген жағдай еді. Ал, Сәкен қуанышпен қарсы алады. Сәкен ғана емес, қарындасы Роза да  дорамадан көріп жүрген әртістерге ұқсайтын кәріс қызын көргені үшін мәз болады. Сәкеннің ата-анасы не істерін білмей, ата-әжесін шақырады. Үлкендердің айтқанын тыңдап, ақылдарына құлақ асқанымыз жөн деп шешеді.

    Десе де, Сәкеннің  анасы Айгүл Суджинге нағыз келіндік өмірді көрсетсем, өзі қашып кетер деген оймен бірден үй тірліктерін жасата бастайды. Таң азанымен оятып, сиыр саууға шақырады. Өмірінде сиырды көрмеген Суджин біраз абдырап қалады. Осылай фильмде кәріс қызының қазақи тұрмысқа, салт-дәстүрге қалай сіңісіп кеткендігі  көрсетіледі

    Сондай, ақ, ауыл тұрғындарының арасында Сәкен мен Суджин жайлы қандай қауесет тарады? Оған ауыл ақсақалдары не деді? Сәкеннің әкесіне қандай талап қойды?    Және қыз баласасының махаббат жолындағы күресі мен батылдығы көрініс табады. Екі жастың арасындағы сезім сенімге ұласа ма? Олар «Махабатта шекера жоқ» деген ұғымды дәлелдей ала ма?   Фильмде осындай оқиға өрбиді.