Аждаһаның әлегі
«Аждаһаның әлегі»
Қойылым тобы:
Қоюшы-режиссері – Сағызбай Қарабалин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретшісі – Ерік Дюсембаев
Киім үлгілерінің суретшісі – Жадыра Қартбаева
Биін қойған – Ринат Билибаев
Музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова
«Аждаһаның әлегі» балаларға арналған музыкалық ертегісі ақын-драматург Иран-Ғайыптың сахналық шығармасы. Спектакльде жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, тазалық пен пасықтықтың, адалдық пен арамдықтың ара жігі айқасқа түсетіндей.
Қойылым кейіпкерлері де, аждаһа, тас, түйе, бала, маймылдар, ит – бір-біріне кереғар жаратылыс иелері.
Бұл – балалар мен жасөспірімдер театрының бүлдіршіндерге арналған қызықты да көркем көркем ең үздік сахналық туындыларының бірі деуге болады.