Plastic Hara Hura ұсынған жаңа жылдық мастер-класс: полиэтилен пакеттерден пенал және картхолдер жасау
Сипаттама
Полиэтилен пакеттерді қайта өңдеу бойынша мастер-класс: өз қолыңызбен сәнді және пайдалы бұйымдар жасаңыздар!
Мастер-класс не туралы?
Қарапайым полиэтилен пакеттерді нағыз пайдалы заттарға айналдырыңыздар! Мастер класс барысында сіздер пакеттерді пеналдар, картхольдер және т.б. сияқты экологиялық таза бұйымдарға айналдыруды үйренесіздер.
Сіздерді не күтуде?
Полиэтиленді қайта өңдеу барысымен танысу: дайындау, балқыту және берік материал жасау, тігу.
Пайдалы бұйымдарды: картхольдерлерді, пеналдарды немесе бұйымдардың басқа да түрлерін практикалық жасау.
Өз дизайнын ойдан құрастырып, оны жасап шығарудың бірден-бір мүмкіндігі!
Билет бағасына не кіреді?
Барлық қажетті құрал-жабдықтар (пакеттер, фурнитура, құрал-саймандар).
Өзіңізбен бірге алып кете алатын сіз жасаған бұйым.
Сіздерді басқа да жобаларға шабыттандыратын экологиялық және шығармашылық тәжірибе.
Қашан?
Жаңа жылдық демалыстарда. Тіркелу ашық!
Қайда?
Алматы қ., Барибаев көшесі, 36
Орындарды алдын ала брондаңыздар, орын саны шектеулі!
Жер шарына қамқорлық көрсете отырып, шығармашылықпен айналысайық!
Мастер-класс бағдарламасы - «Полиэтилен пакеттерден пенал және картхолдер жасау»
1. Қайта өңдеу саласына кіріспе:
Полиэтилен пакеттердің экология үшін зияны және оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы қысқаша әңгімелеу.
Күнделікті өмірде қайта өңделген пакеттерден жасалған бұйымдарды көрсету.
2. Материалдарды дайындау:
Пакеттерді жинау және сұрыптау (қатысушылар өз пакеттерін әкеле алады немесе дайындалған пакеттерді пайдалана алады).
Түсі, тығыздығы бойынша бөлу және өңдеуге дайындау.
3. Дизайн және коллаж:
Түс гаммасын таңдау және шопердің жеке дизайнын әзірлеу.
Пакеттерден бірегей үлгілер мен суреттер жасау (коллаждау).
Қатысушылар шебердің жетекшілігімен өз дайындамаларын жасайды.
4. Жаңа материалды жасау:
Берік материал алу үшін пакеттерден коллаж қорытпасын көрсету.
5. Бұйымды дайындау:
Раманы дайындау және дайын картинаны рамаға орнату.
Қатысушылар өз картиналарын жасайды!
5. Бұйымды түпкілікті дайындау:
Фурнитураны кесу, тігу, бекіту.
Қатысушылар өздерінің бұйымдарын жасайды: пеналдар, картхольдер немесе басқа да аксессуарлар.
6. Аяқталуы:
Бұйым жасауды аяқтау: бұйымның сапасын тексеру, әшекейлеу (қалауыңыз бойынша).
Тұрмыста қайта өңдеу дағдыларын одан әрі қолдануды талқылау.
7. Мастер классты аяқтау:
Қатысушылардың дайын бұйымдармен бірге жалпы фотосуретке түсу
Өтетін орны
Алматы қ., Барибаев к-сі, 36, Литер «Г», Plastic Hara hura шеберханасы
Ұзақтығы
1, 5 сағат
Жас шектеуі
6+
Бағаға кіреді
барлық қажетті материалдар мен жабдықтар: велошредер, балқытуға арналған термопресс, балқытуға арналған қалыптар, фурнитура.
Жанр
мастер-класс
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 3ҚаңтарЖұмМастерская Plastic Hara HuraЗалбастап 6000бастап 6000бастап 6000
- 4ҚаңтарСенбМастерская Plastic Hara HuraЗалбастап 6000бастап 6000бастап 6000
- 5ҚаңтарЖексМастерская Plastic Hara HuraЗалбастап 6000бастап 6000бастап 6000
- 6ҚаңтарДүйМастерская Plastic Hara HuraЗалбастап 6000бастап 6000бастап 6000