ТЮЗ г. Темиртау
Теперь вы можете подписаться на анонсы Зарина Мұхтарқызы Карменова
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Зарина Мұхтарқызы Карменова

Зарина Мұхтарқызы Карменова

Мамандықтар

Туған жылы
1989


Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты (2018 ж.).

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, «Театр және кино актрисасы» мамандығы (қосымша білім - Лондондағы өнер мектебі).

2011 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

  • С.Асылбеков «Империядағы кеш» (режиссер А.Қақышева) - Сания,
  • М.Сарсеке «Өмір осындай» (режиссер О.Кенебаев) - Айгүл,
  • М.Әуезов «Қилы заман» (режиссер А.Рахимов) - Бәкей,
  • А.Рахимов «Шәкәрім» (режиссер А.Рахимов) - қыз,
  • Н.Оразалин «Шырақтағы түн» (режиссер Н.Жақыпбай) - қыз,
  • А.Чехов «Үш апа» (аудармасы А.Бопежанова, режиссерлері Р. Андриасян, А.Какишева) - Ирина,
  • Ж.Ерғалиев «Қасқағым» (режиссер Е.Нұрсұлтан) - Жазира,
  • И.Вовнянко «Актерді кім өлтірді?» (режиссер А.Әшімов) - Клеопатра,
  • А.Ф. Д'Эннери, Дюмануар «Дон Сезар де Базан» (аудармасы, режиссері А.Рахимов) - Маритана,
  • А.Володин «Сүйікті адамдарыңызбен ажыраспаңыз» (режиссер А.Маемиров) - Катя Лаврова,
  • М.Омарова «Нан дәмі» (режиссер А.Қақышева) - Люба,
  • Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (режиссер Е.Нұрсұлтан) - Дурия,
  • С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (режиссер А.Рахимов) - Батес,
  • Т.Нұрмағанбетов «Ходжа Насреддин әлі де тірі» (режиссер О.Кенебаев) - Фарзана,
  • И.Сапарбай «Сағыныш сазы» (режиссерлер Е.Обаев, Т.Аралбай) - Айгүл,
  • Р.Куни «Мани-Мани» (режиссері Е.Нуртазин) - Бетти Джонсон,
  • Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (режиссер Д.Жұмабай) - Зарипа,
  • А.Чехов «Үш апа» (режиссер А.Маемиров) - Елена Андреевна және т.б.

Фильмографиясы:

«Кек алу» фильмі (режиссері Д.Манабай), «Махаббат күші» фильмі (режиссері А.Сатаев), «Бір саған» фильмі (режиссері А.Төлеу), «Үйлену оңай» сериалы (режиссері А.Дранникова) және т.б.