ТЮЗ г. Темиртау
Теперь вы можете подписаться на анонсы Әбдірашит Әбдірахманов
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Әбдірашит Әбдірахманов

Әбдірашит Әбдірахманов

Туған күні
20.06.1946,
Ққайтыс болған күні
17.05.2019 (72)
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Егіздер

Қызметі
боксер, актер, жаттықтырушы


Әбдірашит Әбдірахманов - жан жақты тұлға. Спортта өз беделін көтеріп, кинематографты да бағындырды. Оның атқарған рөлдері көрермен үшін жарқын және жігерлі бейнелерімен есте қалды.

Шығармашылық жолы

Әбдірашит бала кезінен төбелескіш болып өскен екен. Көбінесе өз құқығын жұдырығымен қорғайтын. Бастапқыда секцияда кәсіби күрес сабақтарын алып, одан кейін ҚазДШИ бітірді. Ол еліміздің халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болған алғашқы боксшысы болды. Бірнеше рет КСРО чемпионы атанып, түрлі жарыстарда өнер көрсетті.

Әбдірашит Әбдірахманов фильмдерді түсіруді де, оларға қатысуды да ойламаған. Бірақ оны Шәкен Айманов байқады. Режиссер оған «Тройной прыжок «Пантеры» фильміне түсуді ұсынды, онда актер капитан Кадыровтың рөлін сомдауы керек болған екен. Дебют сәтті болып, танымал режиссерлер ісін жаңа бастаған актерді басты рөлдерге ірі жобаларға шақыра бастады. Барлығы қиын тағдыр тәлкегіне ұрынған 20-дан астам бір-біріне ұқсамайтын рөлдерді орындады.

Әбдірашит Әбдірахмановтың қатысуымен түсірілген ең танымал туындылар:

  • «Тень завоевателя»;
  • «Азиат»;
  • «Султан Бейбарс»;
  • «Ермак»;
  • «Чемпион».

Әбдірашит Әбдірахманов: отбасылық өмірі

Болашақ әйелі Людмиламен бала кезінде танысыпты. Жұбайы небәрі 12, ал актердің өзі 13 жаста болған екен. Басында бұзақы бала Людмила қызықтырған жоқ. Қыздың көңілін табу үшін темекі шегуді тастауына тура келіпті. Қазір бақытты отбасында үш бала, кейін алты немере дүниеге келді.

Қызықты фактілер

  1. «Буранный полустанок» жұмысы Берлинде «Алтын камера» сыйлығына ие болды.
  2. Африкада, Америкада, Еуропа мемлекеттерінде өткізілетін бокс турнирлеріне қатысқан.
  3. Әр түрлі спорт түрлерінен жаттықтырған: тай-бокс, ушу-саньда, бірақ бір уақытта түсірілімге қатысуға рұқсат берілмегендіктен қызметінен кеткен.
  4. Әбдірашит Әбдірахманов ағаш ойып, шахмат ойнауды ұнататын.