Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Вечер у камина

 

2021 / 2022 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал ІХ маусым

29 қаңтар * сенбі * 17.00

«Романс сиқыры» топтамасынан концерт
«КАМИН ЖАНЫНДАҒЫ КЕШ»

29 қаңтар «Астана Опера» Камералық залында дәстүрлі түрде
«Романс сиқыры» топтамасынан «Камин жанындағы кеш» поэтикалық
атауымен концерт өтеді. Көрермен қауым көне романстар, әндер, тамаша
әуендермен қатар, олармен үндесіп жүрек қылын шертетін поэзиялық
жолдарды да тыңдайды. Ал сахнаның жабдықталуы романтикалық көңіл күй
қалыптастырады.
Сезімдердің шынайылығы мен тереңдігі, мәнерлі әуен мен сенімді
интонация – адамның жан дүниесін ашатын романс жанрының көзге
шалынбас тартымдылығы осында жатыр.
Концертке опера солистері, аспапшы музыканттар қатысады.

Ұзақтығы– 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады