ТЮЗ г. Темиртау

«Қызыл Телпек» ертегісі

«Ерте-ерте-ертеде бір кішкентай қыз өмір сүріпті. Анасы оны қатты жақсы көріпті, ал әжесі одан да қатты жақсы көрген екен. Немересінің туған күніне әжесі оған қызыл телпек сыйлапты. Содан бері кішкентай қыз сол телпекті тастамай киіп жүреді. Көршілер қызды көрсе: «Әне, Қызыл Телпек келе жатыр», - дейді екен». Шарль Перроның бәріміз жақсы көретін ескі ертегісі осылай басталады. Алайда біздің ертегіміз мүлдем басқаша аяқталады.

Режиссер туралы: 

Владимир Владимирович Дроздецкий 1992 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясын бітірген. 2004 жылдан бастап Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс атқарады. 1992-2014 жылдары Теміртау қаласының жастар театр студиясының көркемдік жетекшісі болған. 

Қоюшы-режиссер ретінде театрда спектакльдер қоюды жүзеге асырады. Театрда жұмыс істеген кезінде Владимир Владимирович 17 спектакль қойып, оны аймақтық, республикалық және халықаралық фестивальдарда лайықты түрде ұсынған еді, онда ол бірнеше рет фестиваль дипломанты немесе лауреаты атағын алды. 

Актерлер:

Қызыл Телпек - Анастасия Агафонова, Екатерина Орищенко;
Қасқыр - Нурлан Ибраев, Никита Колесов;
Анасы - Ирина Мальчихина;
Орманшы - Роман Гужель, Валентин Бухонов;
Әжесі - Наталья Снегирева.