ТЮЗ г. Темиртау

Аққу-қаздар (КАТМК)

Маша есімді кішкентай қызды інісі Ваняға бас-көз болуға қалдырып, ата-анасы қалаға жол тартыпты. Алайда қыз құрбыларымен ойнап жүрген кезде, інісін кенет аққу-қаздар топ болып ұшып келіп, ұрлап кетеді екен. Бас кейіпкер Машаға күрделі шешім қабылдауға тура келді: ата-анасын күтпей, інісін тезірек құтқару үшін құстардың артынан қууы керек болды. Алайда бұл жолда кішкентай қыздың алдынан сан алуан сынақтар шығыпты. Ғажайып кейіперкерлер Машаның көмекке лайықты немесе лайықты еместігін тексермекші болады. Ваняның бас амандығын сақтау үшін, Маша басқалармен тіл табысу қабілетін сынаққа салуына тура келеді.