тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

«Ұлы Дала алтындары» көрме

Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі. (24 қыркүйек, 29 қазан)

Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.

Әр айдың үшінші жексенбісінде (22 қыркүйек, 20 қазан )

Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).

Науқан:

Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.

«Шекарасыз мәдениет» акциясы аясында 2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар Ұлттық музейге ТЕГІН кіреді.

 

2024 жылғы 23 қыркүйек пен 20 қазан аралығында  Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейінде «Ұлы Дала алтындары» атты көрме өтеді.

Көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен 2 мыңнан астам құнды зат қойылып отыр. Бұл құндылықтар елімізде біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықта дамыған қоғам мен өзіндік ерекше мәдениеті бар көшпелілер өркениетінің болғанын, оның қалыптасуы тау-кен өнеркәсібіне, металлургияға және озық қолөнерге негізделгенін дәлелдейді. Көшпелілер дәуіріндегі зергерлік бұйымдар өркениет дамуының ең биік деңгейін, сондай-ақ, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетіп, қазақ халқының тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Көрме атауы:

 «Ұлы Дала алтындары»

Экскурсиялық бағдарлама:

Алтын залсыз шолу – 30 минут

Алтын залмен шолу – 45 минут

Топтық экскурсияларға мына телефондар бойынша жазылыңыз: 91-90-35, 91-90-36

Музейді аралау ұзақтығы:

Музей аралау аясында

Жас шегі:

жоқ

Күні мен уақыты:

23/09/24 -20/10/24

Келу ережелері:

Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек.

Өзіңізбен бірге алу:

 

Бағасы

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).

7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 

18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

Тариф 1.

Тақырыбы: «Алтын» залдарсыз музейге келу.

*Музейге кіру бағасына жас тарифтері бойынша (Алтын залдар мен шетелдік көрмелерден басқа) тұрақты көрмелердің және уақытша көрмелердің барлық залдарына бару кіреді.

 

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

700

Студент

500

Балалар

300

Зейнеткер

300

 

 

Тариф 2.

Тақырыбы: «Алтын» залдармен музейге келу.

**Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша көрмелерді және «Алтын» залдарын тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес (шетелдік көрмелерден басқасы).

 

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

1700

Студент

1000

Балалар

600

Зейнеткер

600

 

Тариф 3.

Тақырыбы: Музейге келу және 1 шетелдік көрме,  «Алтын» залдарсыз :

*** Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша және шетелдік көрмелерді тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес («Алтын» залдарын қоспағанда).

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

1700

Студент

1500

Балалар

1300

Зейнеткер

1300

 

Тариф 4.

Тақырыбы: Музейге келу және 1 шетелдік көрме, «Алтын» залдарымен.

***Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша,  1 шетелдік көрмелерді, және «Алтын» залдарын тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес

Кіру билеті

Бағасы (теңге)

Ересек

2700

Студент

2000

Балалар

1600

Зейнеткер

1600

 

Музейге бару үшін жеңілдіктер (шетелдік көрмелерді қоспағанда, тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер залдары)

(растайтын құжаттарды ұсынған кезде)

 

*Шетелдік көрмелерге бару ақылы, келушілердің барлық санаттары үшін – 1000 теңге

** Шетелдік көрмелер мерзімді түрде өткізіледі. Олар үшін бөлек афиша бар.

ТЕГІН:

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ, III топ (31 желтоқсанға дейін акция)

Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар.