ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Toshkent
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«КӨК ТРАКТОР» музыкалық спектаклі Қызылорда қаласында

«КӨК ТРАКТОР» музыкалық спектаклі Қызылорда қаласында

Сипаттама

«Көк Трактор» ән хиттерінің дамытушы музыкалық шоуы.

Барлық балалар «Көк Трактор» жақсы көреді. Ал жақсы көрмейтіндер - бүкіл отбасы қайталап әндететін, естен кетпес әзілдерге толы, мейірімді көңілді мульфильм-әндерін әлі көрмеген екен. Көк трактор енді сахна төрінде де болмақ! Кішкентай көрермендерге арналған жұмсақ куыршақты форматтағы мейірімді шоу-ертегісі. Басты кейіпкер Көк трактор жолынан адасып кетеді екен. Ал оның жаңа достары - Профессор, Маша және Петя - оның үйін іздеп табу үшін шытырманға толы саяхатқа аттанады.

Бұл ертегіде жағымсыз кейіпкерлер жоқ - балалар би билеп, күлкіге беріліп, толықтай жағымды қойылымнан рахат алатын болады. Құр отыратын уақыт болмас: әрбір нөмірдегі интерактивтер өз орныңыздың маңында шатыққа толықтай бөленуге мүмкіндік береді. Сахна мен зал арасында еш шекара жоқ! Қызыққа толы уақыт болмақ! Барлығы толықтай қойылым әрекетіне енетін болады, ал әр көрерменге арналған арнайы безендірулердің арқасында қызықты көңіл күй соңғы қатарларға дейін жетпек. Әрбір бала өзін ерекше және теңдесіз санайтыны анық, бұл міндетті түрде олардың естерінде сақталады. Қойылым негізінде бүкіл зал қатысатын, бірін-бірі алмастырып тұратын музыкалық ойындар қамтылған балаларға түісінікті және қарапайым оқиға желісі тұр. Үйге келе әр бала өз отбасының мүшелеріне осынау қызықты қойылым туралы қуана-қуана айтып беретін болады. «Көк Трактор бізге келе жатыр» концерттік шоуы балаларды театр әлемімен алғаш таныстырудың ең үздік таңдауыңыз болатыны сөзсіз!

Барлығы қарастырылған:

• безендірулер, костюмдер мен реквизиттер ойластыруда балалық пастельдік түстер;
• оқиға желісінің өрбуі осы жастағы балалардың қабылдауына толық сәйкес келіп, олардың қызығушылықтарын тарту ескерілген;
• балалар өз белсенділіктерінде еш шектелмейді: олардың бәрін ұстап көріп, көңіл көтеруге толықтай мүмкіндіктері бар;
• сүйікті «Көк Трактор» ол шынайы қуыршақ. Ол тірі және шынайы.
• безендіруге енгізілген үлкен экран балаларды ғана емес, ересектерді де тәмсандыратын нағыз саяхаттың бейнесін туындатады.

Балаларыңызға шынайы эмоциялар сыйлаңыздар!

Балаларыңыздың сүйікті кейіпкерімен кездескеннен кейінгі қуанышы сіздерді де бақытты етпек!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Қызылорда қаласы, Студенттер сарайы

  • Күні

    2024 жылғы 31 қазан

  • Уақыты

    18:00

  • Ұзақтығы

    55 минут

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    0+

  • Қосымша

    3 жасқа дейінгі балаларға тегін, бөлек орын берілмейді

  • Жанр

    музыкальное шоу

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 31
    Қазан
    Бейс
    Студенттер Сарайы
    Зал
    бастап 2000
    бастап 2000