rebranding
тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

13 сәуір * жұма * 19.00

Концерт

«Obra maestra Astor Piazzolla» (2-бөлім)

Ең жалынды әрі еліктіріп, балқытатын тангоны барша әлемге тарту еткен композитор Астор Пьяццолланың есімі ХХ ғасырдағы музыкалық өнер тарихында алтын әріптермен жазылған. Ол тангоға джаз бен классикалық музыка элементтерін қосып, бидің бұл түрі туралы дәстүрлі ұғымды түбегейлі өзгертті.

Пьяццолланың арқасында жер-жаһандағы миллиондаған адам тангоның әсерлі ырғақтарына беріліп, Аргентина сынды алыс елге одан сайын қызығушылық таныта бастады.

Obra maestra Astor Piazzolla (2-бөлім) концертінде тағы да классикалық шығармалардың орындалуын дәріптеген, латын америкасы және батыс еуропалық сазгерлердің танымал шығармаларының қызықты интерпретацияларын сыйлаған «Ritmos de Amor» аспаптық ансамблі әртістерінің орындауында композитордың үздік туындылары шырқалады.

 

Орындаушылар:

Кирилл Красюков (скрипка)

Константин Стригин (баян)

Қайрат Арыстанов (гитара)

Анатолий Якушкин (контрабас)

Александр Малиновский (гармоника)

Жәнібек Бекмадиев (соқпалы аспап)

Елена Сахно (фортепиано)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады