Афиша театров в Таразе

«Көктемнің жеңіс симфониясы»

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020 / 2021                    Үлкен зал            VІІІ маусым

9 мамыр * жексенбі * 18.00

Концерт

«Көктемнің жеңіс симфониясы»

      

2020 / 2021                    Үлкен зал            VІІІ маусым

9 мамыр * жексенбі * 18.00

 

Концерт

«Көктемнің жеңіс симфониясы»

 

         Ұлы Жеңіс мерекесінде «Астана Опера» театрының әртістері классикалық музыка жауһарларынан тұратын бағдарлама ұсынбақ, оған Д.Шостаковичтің №7 симфониясы («Ленинградтық»), Р.Глиэрдің оркестр мен колоратуралық сопраноға арналған концерті, сонымен қатар Р.Штраустың гобой мен оркестрге арналған концерті енді.

 

Дмитрий Шостаковичтің №7 «Ленинградтық» симфониясы, ор.60 – соғыс жылдарындағы көрнекті шығармалардың бірі. Соғыстың қасіретті алғашқы айларында туған музыка ленинградтықтардың өз қаласы мен еліне деген жанкештілігі мен шексіз махаббатын, ең бастысы – жеңіске деген қалтқысыз сенімін бейнелейді.

 

Рейнгольд Глиэрдің оркестр мен колоратуралық сопраноға арналған концерті, op.82, 1943 жылы жазылған. Осынау қиын, қауіп-қатерлі шақта композитор лирикалық шығармалар жазды. Жеке партияны қандай да бір аспапқа емес, дауысқа берудің өзі одан адам жанының сырлы тереңін ашуға деген талпынысты білдіреді. Глиэрдің концерті тыңдармандарға әлем сұлулығына тәнті болып, алдағы өмір салтанатына сенуге көмектесуі тиіс болатын.

 

Гобой мен оркестрге арналған концерт, ре мажор, AV 144 туындысын Рихард Штраус бейбіт күнде Питтсбург симфониялық оркестрінің гобойшысы болған американдық сарбаз Джон де Лансидің өтініші бойынша 1945 жылы жазған. Шығарманың авторы сексеннен асқан қария екендігін білмеген күннің өзінде де, осынау музыканың көңіл күйін еш нәрсемен шатастыруға болмайды. Бұл – соңғы рет шын ниетпен көңіл көтере отырып, жалған дүниемен қош айтысқан адамның көңіл күйі.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Д.Шостакович.

№7 «Ленинградтық» симфониясы, до мажор, ор.60. Бірінші бөлім

Allegretto

 

Р.Глиэр.

Оркестр мен колоратуралық сопраноға арналған концерт, op.82, 2 бөлімді

Andante

Allegro

 

Р.Штраус.

Гобой мен оркестрге арналған концерт, ре мажор AV 144, 3 бөлімді

Allegro moderato

Andante

Vivace - Allegro

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солистер:

Альфия КАРИМОВА, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Ислам АЛИЕВ, халықаралық байқаулардың лауреаты (гобой)

 

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут.