Афиша театров в Таразе

Музыкалық контраст

Концерт

«Музыкалық контраст»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Астана Опера» солистері мен камералық оркестрі стилі, мелодикасы мен философиялық дүниетанымы әлемдік музыкалық өнер үшін жаңалық болған Игорь Стравинский, Аарон Копленд, Арво Пярт, Сезар Франк–Евгений Магалифтың туындыларынан концерт ұсынады.

Жоба авторы әрі дирижері – Руслан Баймурзин.

БАҒДАРЛАМА:

И.Стравинский. «Пульчинелла» балетінен сюита

А.Копленд. Кларнет, ішекті аспаптар оркестрі, арфа мен фортепианоға арналған концерт

А.Пярт. Скрипка мен камералық оркестрге арналған Fratres («Ағайынды»)

С.Франк–Е.Магалиф. Прелюдия, фуга және вариация. Флейта мен оркестрге арналған концерттік транскрипция

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сағиқожа ЕРЕЖЕПОВ (скрипка)

Алима ӘБЕУОВА (флейта)

Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.