Афиша кино в Таразе
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі

XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі

2017 жылдың 22-28 шілде аралығында Астана қаласында Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерімен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылатын ХІІІ Халықаралық «Евразия» кинофестивалі өтеді. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) «Евразия» ХКФ-ін  әлемнің 35 жетекші   кинофестивальдерінің тізіміне қосты.

13-ші «Евразия» кинофестивалі бағдарламасында, дәл сол уақытта Қазақстанның астанасында өтетін әлемдік ауқымды іс-шара— «Астана Экспо-2017» халықаралық  көрмесінің тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер көпірі» тақырыбы қозғалады.

«Евразия» ХКФ-лі  2016-2017 жылдары жарық көрген кең ауқымды әлемдік фильмдердің көрсетілімін  ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметрлі және қысқаметрлі картиналар, авторлық және жанрлық кино кіреді. «Бес құрылық» балалар фильмдерінің конкурсы, сонымен қоса, Экспо-2017-мен бірігіп ұйымдастырылған дамушы елдер бағдарламасы «6 плаза»  өтеді.  Кинематоргафия саласындағы Ұлттық «Тұлпар» жүлдесін табыстау үшін Қазақстан, Орталық Азия және түркітілдес халықтар фильмдерінің көрсетілімдері болады.

Тарихта тұңғыш рет «Евразия» ХКФ-нің аясында ТМД, Шығыс (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс (Европа, Америка) елдерінің фильм сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен Eurasia Film Market Дәстүрлі бизнес-алаңы киножобалар питчингтерін, дөңгелек үстелдерін, баспасөз-конференцияларын, шеберлік-сағаттарын және арнайы іс-шараларын ұсынады.

Кинофестивальдің шетелдік қонақтары голливудтың жарқын жұлдыздары: «Оскар» және «Алтын глобус» лауреаты Николас Кейдж, Джон Ма́лкович и Эдриен Броуди, американдық актриса Бай Лин, фестивальдік қозғалыстың орасан зор қайраткері, продюсер Марко Мюллер, осы жылғы «Евразия» ХКФ-інде негізгі қазылар алқасын басқаратын.

«Евразия» кинофестивалін өткізудегі басты мақсат қазақстандық киноиндустрияны дамыту, кино өнеріне кең жұртшылықтың қызығушылығын арттыру және Азия мен Европа елдерінің жемісті ынтымақтастығы үшін шарттар ойластыру.

XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігімен іске асырылады.

Ақпараттық серіктестік  — «Хабар» агенттігі.

Баспасөз-конференциясының спикерлері:

  • Айман Мұсақожева, «Евразия» ХКФ-нің президенті;
  • Рашид Нұғманов, «Евразия» ХКФ-нің бас директоры;
  • Анна Чакиртова, «Евразия» ХКФ-нің атқарушы директоры;
  • Талғат Теменов, қазылар алқасы;
  • Елена Ларионова, бағдарламалық директоры;