Дала дауысы
«Қазақквартет шақырады» топтамасынан
«Дала дауысы»
2017 жылдың 29 қарашасы танымал ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.
Ұжымға есімі берілген сазгердің мерейтойлық жылында әртістер бірегей концерттік бағдарлама әзірлеген – батыс еуропалық классик-композиторлардың туындыларымен қатар, қазақ халық аспаптарының (қылқобыз, жетіген, саз сырнай т.б.) жеке партияларымен квартет музыканттарының өзіндік интерпретациясында заманауи қазақстандық авторлардың шығармалары орындалатын болады.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – «Астана Опера» театрындағы концерттердің тұрақты қатысушысы, осы маусымда да әртістер астаналық қонақтар мен өздерінің тыңдармандарын жаңа өнер көрсетулерімен қуанту дәстүрін жалғастырады.
Бағдарлама:
Й.Гайдн. №2 квартет, ор. 76
Ф.Мендельсон. №1 квартет, ор. 44
Қорқыт. «Қоңыр»
А.Жайымов. «Аққулы айдын» (жетіген)
А.Жайымов. «Ана әлдиі» (саз сырнай)
Сүйінбай. «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттерi»
Солистер:
Жанар Жүсіпова, «Құрмет» орденінің кавалері (қылқобыз)
Иса Елікбай (домбырамен ән айту)
Сандуғаш Тұрғанбекқызы (саз сырнай)
Мәдина Османова (жетiген)
Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:
Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)
Алексей Лебедев (2-ші скрипка)
Бекзат Сайлаубайұлы (альт)
Ернар Мыңтаев (виолончель)
Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ернар Мыңтаев
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады