Ғасырлар пернесі
Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің
«Ғасырлар пернесі» («Струны времени») концерті
Ұжымның көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Сіздерді камералық музыка атмосферасына енуге шақырамыз. Концерт XIX-XX ғасырлардағы квартет классикасына арналған: онда көрнекті композиторлар Л.Бетховен мен Д. Шостаковичтің шығармалары орындалады.
Ішекті квартет Бетховенмен оның бүкіл шығармашылық қызметінде бірге болды. Бұл салада оның өмірді философиялық тұрғыдан түсіну қабілеті және композициялық-техникалық жаңалықтарға бейімділігі ерекше күшпен көрінді. Бетховеннің квартеттік музыкаға алғашқы бетбұрысы ерте Вена кезеңіне жатады: ол кезеңде ор.18 алғашқы алты квартеті жазылды. Жаңа жанрды игере отырып, композитор бастамашы Гайдн мен Моцарт жасаған үлгілерге сүйенді. Бетховеннің алғашқы квартеттерінің музыкасы осы композиторлардың әсерін көрсетеді, сонымен бірге Бетховенге тән көптеген жеке қасиеттерді қамтиды. Композитор өзінің алғашқы квартеттерін өзінің қорғаушысы, Венаның бай меценаты, князь Франц Йозеф Лобковицке арнады. Концерт бағдарламасында № 2 ішекті квартеті G-dur, ор.18 орындалады. Музыкалық ортада бұл квартет «құрметті» немесе «қошемет квартеті» деп аталады, өйткені 1 және 4 бөлімдерді тыңдау кезінде рококо дәуіріндегі зал, залдағы салтанатты сәлемдесумен қабылдау бейнелері пайда болады. № 2 квартетте Гайдн мен Моцарттың әсері айқын: көңілділік, жігерлілік, жарқын лирика басым – бұл классицизм дәуіріне өте тән.
Д. Шостакович № 5 симфония мен «Леди Макбет Мценского уезда» операсын жазғаннан кейін квартет жанрына жетілген шебер ретінде бет бұрды. Ол Бетховен квартетінің мүшелеріне – оның квартеттерінің алғашқы орындаушыларына, сонымен қатар достары мен жақындарына арнаған 15 ішекті квартет жазды. 1964 жылы жазылған № 9 ішекті квартет Es-dur, Ор.117 композитордың әйелі Ирина Антонқызы Шостаковичке арналған. Оның премьерасы сол жылдың қараша айында Мәскеуде өтті. Қарама-қарсы бес бөліктен тұратын лирикалық-драмалық мазмұндағы квартет ішкі бірлік пен тұтастықты тудыратын нәзік тақырыптық байланыстарға толы.
Екі дәуірдің үнін бүгінге дейін халық жүрегінде жаңғырып келе жатқан тарихтың қасіреттері туралы баяндайтын «Самал тау» атты қазақтың халық әні, сондай-ақ ұлы Ақ құс түрінде бейнеленген тазалық пен нәзіктік сезіміне бой алдырған Сүгірдің «Аққу» күйі толықтырады. Ұлттық нақыштағы туындылар Ә. Сағымбаевтың ішекті квартетке арналған өңдеуінде орындалады.
Концерт бағдарламасы:
1. Л. Бетховен № 2 квартет G-dur, Ор.18
1.Allegro
2.Adagio cantabile
3. Scherzo. Allegro - Trio
4. Allegro molto, quasi Presto
2. Д. Шостакович № 9 квартет Es-dur, Ор.117
1. Moderato con moto
2. Adagio
3. Allegretto
4. Adagio
5. Allegro
3. Қазақ халық әні «Самал тау», Ә. Сағымбаевтың ішекті квартетке арналған өңдеуі
4. Сүгір «Аққу», Ә. Сағымбаевтың ішекті квартетке арналған өңдеуі
Орындаушы:
Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет
Квартет құрамында:
Айдар Тоқталиев – бірінші скрипка
Алексей Лебедев – екінші скрипка
Бекзат Сайлаубайұлы – альт
Кварттеттің көркемдік жетекшісі Ернар Мыңтаев – виолончель